Күтемін...
жеке
блог

Күтемін...

Әр жанның өмірінде өзгеге беймәлім сыр бар. Ол сырдың сол адамның өмірінде алар орыны ерекше. Ол сыр - өткені... Түзуінен қисығы мол бұл бес күндік жалғанда, сол өткенің, тасқа қашалып жазылғандай із қалдырады. Сол ізде өмірден алған сабағым, өкінішім, қуанышым, тіпті жаныма ең жақын болған жанның есімі де орын алуы әбден мүмкін. Бірақ, өткенімнен өтпегім маңызды деп жүргенде, сол тағдырыма таспен қашалған өткенімнің елесі сағым болып келе береді екен. Қанша жерден болашағымнан бақыт болып, қуаныш толқыны жаныма соғылып, көңілімнің кірбіңін шаймақ болса да, нәтижесіз... Неге?
Себебі, жақсы немесе жаман болсын, ол менің өткенім. Ол тағдырыма қашалған. Маған үнемі сабақ, маған үнемі ұстаз. Бірақ, тағдырыма қашалған деп, жанымның қыртысын жазбақ болған толқынды елемей, ескі әннің қайырмасын айтып жүре беру де пайда әкелмес... Иә, өткенімде жүрегіме жазылған есімнің ізін, өтпегімнің жеңіл толқыны бірден шайып жібермесі - рас. Дегенмен, сол іздің орынын толтыруға ықпалын тигізетініне сенемін... 
Алланың берер ғұмырында өткенім мен өтпегімнен зор үміт күтемін. Қазір көңілде бұлт, өмірде тұман... Қатты бір нөсерді күтемін... Содан кейін ғана көгімнің күншуағын сеземін... 
Күтемін...