Ең жақсы тəрбие -тəлімді тəрбие .
жеке
блог

Ең жақсы тəрбие -тəлімді тəрбие .

Ата-ана перзент көрсе қуанады.

Перзенті үшін ата-ана жанын аямайды.

Ол туылғанда үлкен қуанышқа кенелді.

Олардың тұрмыс құрудағы  мақсатыда -осы.

Енді осы қуаныш жалғасты болу үшін, ол перзент жақсы азамат болып

ата-анасын қуанышқа бөлуі үшін, ата-ана  баланың алдындағы

өз жауапкершіліктерін  сезініп, оның тəрбиесімен мықтап тұрып айналысуы керек.

Бұл- олардың мойнындағы парыз.

Алланың алдына барғанша бала үшін əке-шеше бірдей жауапты.

Өйткені сəби -дүниеге келгенде пәк жəне мұсылман болып туылады,

кейін ол- алған тəрбиесі қандай болса сондай адам болып шығады.

Сол себепті олар балаға мейлінше  имандылық тəрбиесін беруі керек.

Ата-ананың перзентіне берер  ең жақсы, ең артық сыйы ол- тəлімді тəрбие.