Жаманан жиренейік ,жақсыдан үйренейік

Жаманан жиренейік ,жақсыдан үйренейік
жеке
блог

Адам бойындағы ең құнды,бағалы,қасиетті мінездердің бірі "жақсылық". "Жақсыдан үйрен,жаманан жирен",-деп жатады. Меніңше,адамның ортасы "Жақсы адамдардан тұрса,көп нәрсе өзгерер еді",-деп ойлаймын. Адам өзін басқа жандарға үлгі болатындай ұстаса, кім қызыпайды? Сол бір адамға қызығып,өзі де сол адамға ұқсағысы келетіні өтірік емес. "Ауру қалса да,әдет қалмайды" сондықтан да жағымсыз әдеттен құтылу оңай. Кундіз,түні уялы телефонда отырғанша, кітап оқып,адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу,алдыға қарай ұмытылатын болсақ қалай болар еді? Елестетіп қараңыздаршы,әлеміміз мейірімділіккке толы болса,жан-жағымызға мейіріммен қарасақ тіпті керемет болар еді.  Рухани байлығымызды жоғарлату артық етпейді. Мысалы, күніге өзімізге есеп берейік "мен бүгін не істедім"," бір жанға болсын көмегім тиді ме?" ,"мен қандай адамдар қатарына жатамын" деген сұрақтар қойып,өздеріңізге жауап беріп көріңіздерші. Алайда қандай да бір адамға көмегіңіз тиген болса,ешқашан ортаңыздағы адамға айтудың қажетті жоқ.Себебі, " иа,міне жолда келе жатып осындай,осындай жақсылық жасадым",- деп айтуға болмайды. Себебі,мұсылман міндеттерінде, жасаған жақсылықтарын міндет етуге болмайды. 

Сондықтанда,ата-аналарыға,достарыңы, жақындарыңа күннің шуағын,нұрын төгіп,әр қашанда езулерінен кулкі кетпейтіндей қуантып жүре беріңіздер.