Ақша туралы
жеке
блог

Ақша туралы

"Кедейлік те тойымсыздық та өте жаман ауру"

Егер кімде-кім өзін өзі шектей білсе, қанағат,үнем жасаса, сол - бай адам.

Кім болсада қолында бардың қадірін білу керек.

Ал бар болса, аямай өз қажетіне  жаратуға тырысуы керек.

Адам үшін материялық жағыдай өте маңызды болмау керек,

оған тəуелді болудан сақтанғаны жөн.

Өйткені есеп бойынша 100 бай адам болса,оның 99ы байыған үстіне байысам дейді. 

Мұндай адамдар ақшаға еріксіз тəуелді болып қалғандар.

Ақша адамға тəуелді  болу керек,адам ақшаға емес.

Егер адам ақшаға тəуелді болса,бұл кəдімгі азарт сияқты ауру болып саналады. 

Ондай болмас үшін адамда,ол туралы дұрыс түсінік қалыптасу керек.

Ақша аз болсын,мейлі  көп болсын - оған тек қаражат деп қарау керек.

Адам бай болсын,бірақ бұл тек материялдық жағыдай деп бағалануы тиіс.

Адам - ақшаға,киімге,затқа  тəуелді болмау керек. Ол үшін əрбір ақшасы бар адам:

Мен банктегі ақшаммен не байлығыммен емес,өзім бағалы жанмен. 

Мен өзімді ешкіммен салыстырып əуреленбеймін.

Төмен не жоғары болсам да бұл тек өзім үшін ғана,өзім үшін өмір сүремін деп əрқашан ойлауы тиіс.

Бір нəрсе алмас бұрын ,бұл маған өте керекпе  жоқ па соны ойланып алып бірақ алсын.