Өмір туралы

Өмір туралы
жеке
блог

Өмірдің қиындықтарына төтеп беру үшін, алдымен оған бейімделу керек. 

Өмір бір-бірімен тығыз байланысты екі түрлі формадан тұрады. 

Бұл екеуі бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, бірігіп отырып алға жылжиды. 

Олар -  өмірдің ағымен қарасы, жақсылық пен жамандық, күнгейі мен көлеңкесі. 

Адам үшін осыны түсініп алу аса маңызды. Бұл ретте неге тырысу керек? 

Өмірдегі өзгерістерді тез түсінуге,ертерек көре білуге, болжам жасай алуға  тырыс .

Жағыдайға қарай өз жоспарларыңды өзгертуге əрқашан дайын бол.

Егер саған біреу дүрсе қоя берсе, сен оған ешқашанда өзі сияқты

жауап берме, салмақты бол жəне қашан тынышталғанша үндемей артын күт. 

Ал пікірталастар мен дау-дамайда жәй, жұмсақ жауап бер,

өз дегеніңді ешкімге де күшпен істете алмайсың. 

Қарсыласыңа ешқашан ашық қарсы шықпа, жығыла да қалма. 

Өз мүмкіндіктеріңе, күшіңе сенімді болмасаң ешқашан алдын ала біреуге айтпа. 

Қиындыққа тап болғанда, жағыдай қалпына түскенше ешқандай шешім

қабылдама, жанталасып қарсыласу да қажет емес. Мұндайда артын күткен абзал. 


" Қиындық ешқашан орнап қалмайды, қисық нəрсе түзеледі,бос нəрсе толады.

Ескі жаңаға ауысып өзгереді жəне міндетті түрде жақсы жаманға ауысады".