Тегін білу - тектілік, алайда асыра сілтеп жүрген жоқпыз ба?
жеке
блог

Тегін білу - тектілік, алайда асыра сілтеп жүрген жоқпыз ба?

Біріңді қазақ, бірің дос
Көрмесең істің бәрі бос! ©Абай

Ру руға, жүзге бөлініп абырой табамын деп ойласаңыздар, мен сіздерді аяймын! Адам соншалық ақымақ бола алар ма?! Сұмдық қой, бір қазақ болып тұрып бір бірімен ру үшін қырлысып, ұрысып, құдандаласпай, жек көру деген! Адамдар қай руда, қандай отбасында, қай қалада не болмаса қандай келбетпен туылатынын таңдап ала ма?!

Басқа рудың адамы сізге нендей бір кесірін тигізді ме? Тигізсе сол рудың бір ғана адамы шығар, соғааан бола енді елдің бәрін жаман деу саналы адамның сөзі ме? Жоқ әлде сіздің ру басқа рудан бір нәрсесімен артық па?! Болса, несімен?! Осындай қарапайым нәрселерді саралап алу сондай қиын ба? 

Соңғы кездері қай русың деп сұрап, кейіннен ой сендерді жек көремін дегенді жиі естіп кеттім. (осы тұста менің қай рудан екенім түсінікті шығар, көбісі ұната бермейтін, одан зорғысы еврейлерге теңейтін ру ғой сол) Бұл не қылған сауатсыздық десеңші.. Қазағым-ай, жау жағадан алып анталап шетел тұрғанда ішіңнен шығып жатқан кертартпаларыңнын кесірінен талай ақсаңдап жүрген жайың бар ау...

Өтініш, өзіңізді көкірегі ашық, көзі ояу, былайша айтқанда ХХІ ғасырдың интеллигентті өкілі ретінде санасаңыз жүзге, руға бөлінуді доғарыңыз! Біз біріксек қана басқаларға төтеп бере аламыз!

Артық кетсем, айып етпеңіздер... Ішіме сыймай кетті...