"Не істеуім керек?"

"Не істеуім керек?"

Орыс жазушыларының бәрі де Чернышевскийдің "Не істеу керек?" деген сауалын өздеріне қойған. Толстой осы сауал төңірегінде ойланып, ақиқатты іздеді. Бұл жолда ол философ сияқты емес, жанын жегідей жеген өлім қорқынышының себебін іздейді. Бізге жеткен жазушының естеліктері арасынан табылған бір жазбада төмендегі сауалдар тізіліпті: 

1) Не үшін өмір сүремін?

2) Жаратылуымдағы мақсат не?

3) Өзгелердің өмірінің мәні неде?

4)  Ішімдегі жақсы және жаман сезімдердің болу себебі не?

5) Қалай өмір сүруге тиіспін?

6) Өлімнің сыры неде? Өзімді қалай құтқара аламын?

Осы сұрақтардың нәтижесінде ол Жаратушыны қайта тапқан. Қайтадан дінге мойын бұрған. Бірақ пікірлері сенімінен кейін қалды, тән сезімдерін жеңу оңай емес-ті. Құмарлықтары мен діни көзқарасы арасында бітіспес күрес жүріп жатты. "Күнделігінде" бұл жайлы былай жазады:

1) Құмар ойындары (Мұны жеңуге болады);

2) Нәпсі (Жеңу өте қиын);

3) Өркөкіректік (Бәрінен де қауіптісі осы).

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: yugopolis.ru 

Л. Лига