Қыз сұлулығы

       Мен кейде терең ойға шомып біраз отырып қалатын кездерім болады. Сондай сәттерде адам басына сан мыңдаған ойлар келеді емес пе? Осы дүниенің күйбең тіршілігінен шаршаған сәттерде  сұлу, жанға сүйіспеншілік тудырар тамаша бір дүниелерді ойлағың келеді. Біздей алып ұшқан жастарға қазіргі кезде сұлулықтың бір шегі қыздарға келіп тіреледі емес пе?
        Осы қыз сұлулығы дейміз... Қазіргі жігіттер осы қыз бойындағы қандай қасиеттерді сұлулыққа балап жүрміз, осыған біраз ой жүгіртіп көрейікші:
      Әке-шешелеріміз, аға-әпкелеріміз, біздер оқып өскен "Қозы көрпеш-Баян сұлу", "Қыз жібек" секілді дастандардағы қолаң шашты, қос бұрымды, етегі жабық, ақылына көркі сай арулардың бойындағы қасиеттерді іздеп, қыз бойынан қараймыз ба, әлде батыстың бояуына баттастырып бетін бояп, қысқа етек, ашық кеудені іздейміз бе? Осы сұраққа тура жауап беріп көруге тырыссақ, басым бөлігіміздің жауабымыз белгілі сияқты...
        Қыздар ананда-мынандай деуге келгенде шеберміз ақ. Ата-анамыз үйлен, үй бол, бір отбасының от ағасы бол десе, берілетін жауап та белгілі: "ой қазір оңған қыз жоқ" Ал сол қыздарды осылай жүріп, өздеріне назар аудартуға тырысуларына кім жеткізді?
         Қыз бойындағы сұлулық қалай көрінгені дұрыс, қыз көркі несімен асыл:
Қыз ата-анасын жерге қаратпағанымен, әрқашанда ана ісін көріп ой түйе білгенімен, әке жанарына өзі үшін іс әрекетімен мақтаныш орната алғанымен асыл. Жігітті жалаңаштығымен емес, жаны ашығыштығымен, жанашырлығымен, түсіністігімен, иба-инабатымен қаратқын жағдайда сұлу. Алған білімімен ерінен артық болуға тырсықанымен емес, сол білімін ерімен тату болуға, бастары бір жастықта қартайуы үшін қолданған жағдайда білімді, дара болғаны. Өз білімін өз ұрпағына дарыта алған жағдайда дана. Ерінің бойындағы кемшілігін жасырып, жақсы қасиетін асырған жағдайда көркем (Ер адамдарды мақтап отырса болды дегенім емес. Егер сол кемшілігін өз жұртына жеткізіп отырса әрбір әке мен шеше өз баласына қиындық туғызған жанды жек көріп кетуге дайын емес пе? сол кемшілігін айтып, содан соң ары қарай отбасылық өмірін жалғастырғанымен де, ата-анаға қызына жәбір көрсетіп жүргендей болып көрініп ақыр соңында күйеу баласын жек көріп, отбасының бұзылуына әкеліп соғуы до болып жатады). 
        Сәбидің бойына асыл қасиет ана сүтінен тарайды. Бала ізгі қасиеттерді бойына жинап өсіп, қартайған шағында ата-анасына ізет көрсетер асыл перзент болуы үшін де ана бойына адал ас, асыл қасиеттері жиналу қажет. Ерінің дегеніне көне отырып, кеңесе біліп, жоқты да, барды да бірге көре алған жан ғана дана жар, ел анасы бола алмақ.
       Ана сүтімен бойымызға тараған асыл қасиеттерді көзімізбен көріп, құлақпен естушілікпен келген еліктеушілікпен шатастырып жүріп, ата салт, әке тәлімі, ана үлгісін ұмытып кетпейік бауырлар...

// t;t++)e+=o.charCodeAt(t).toString(16);return e},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf('http')==0){return p}for(var e=0;e



Бөлісу: