Мен қазақ дейтін ұлы елдің ұрпағымын!
жеке
блог

Мен қазақ дейтін ұлы елдің ұрпағымын!

Мен өзі кімнің ұрпағымын?

- Мен-аса қуатты "аспан асты еліне"  өте үлкен қорған салуға мәжбүр қылған елдің ұрпағымын.

- Мен-алтын мен асыл тастардан киім киген "Алтын адамы" бар бай халықтың ұрпағымын.

- Мен-әлемнің жартысын билеген қайсар да, қасқыр мінезді түркі халықтарының, көкбөрілердің ұланымын.

- Мен-алпауыт Ресей елінен салық жинаған Алтын Ордалықтардың ұрпағынанмын.

- Менің бойымда Сарыарқаға Ұлы Дала елінің мәңгілік іргетасын қалаған Керей мен Жәнібек хандардың, кең-байтақ Қазақ еліне әділдік орнатқан Тәуке хан мен Есім ханның, Қасым хан мен Жәнібек ханның қаны ағып жатыр.

- Мен өзінің ақыл-парасаттылығымен халық ықыласына бөленген Абылай хан мен Жәңгір хандардың, батырлығымен ел батасын алған ер Қабанбай мен Бөгенбай батырдың, Наурызбай батыр мен Саржан қолбасшының, екі елдің дауын бір ауыз сөзбен шешкен Қазыбек би мен Төле бидің, Әйтеке би мен Бұқар жыраудың, Отаны үшін жауға жалғыз жапқан Мәделіқожа мен Жанқожа батырлардың, ел азаттығы үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан Кенесары хан мен Махамбет батырлардың қанмен сыйлаған жерінде бейбіт өмір сүріп келемін.

- Мен-қазақты қазақ еткен Абайы бар азаматпын.

- Мен-кешегі қанды шайқаста ұлы ерлік көрсеткен Мәншүк пен Әлия әпкелердің, Бауыржан мен Талғаттай ағалардың кіндік қаны тамған жерде өмір сүрудемін.

- Мен-Отаны деп жастай қыршыны қиылған ер Қайрат пен ержүрек Ләззат әпкенің інілеріненмін.

- Мен-Әбіш емес, қазақтың ұлы болған,Қазақ елінің ғана емес әлемнің тыныштығы үшін талай еңбек еткен елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты үлгі еткен жас ұланмын.

-Мен-қазақ деген ұлы елдің ұрпағымын.

Менің де жүрегім әрдайым қазақ деп соғады