Өмір жыры,   немесе қазақ әдебиеті ХХІ ғасыр парадигмасында (3 тарау - соңы)
жеке
блог

Өмір жыры, немесе қазақ әдебиеті ХХІ ғасыр парадигмасында (3 тарау - соңы)

Бұл кездейсоқтық емес. Абай Пушкин-Лермонтовты аударған ақын ғана емес, Белинскийді – қоғамды терең таныған сыншы. Оның бүгінгі орыс сынымен қойындаса кету сыры осында. Ендеше, бұл бүгіндік әдебиет – жалпы халықтық мәні бар мәселеге Абай ғана толымды жауап бере алады. Орыс сыны ғана емес, әлемдік ақыл-ой иелері бүгін қазақ әдебиеті – Абаймен дәл осылайша тілдесіп-түсіністік табатыны кәміл. Бұған да біз бүгін әдебиетте адасып жүрген теріс тенденция бой көтергенде: «қазақтық рейтингті көтеру мақсатында «эротиканы» алға тартқан орыс тілді әдебиетшіге орыс сыны уәж айтады: «шығыстық тәрбиедегі қазақ қауымы мұны қалай қабылдайды?» – дейді. Қазақ әдебиетшісі эротиканы бүгінгі өмірден емес алғашқы қауымдық құрылыстан іздеп-табады. Яғни, бұл әдебиет емес, дерек-дәйектемесіз – тарихилығы күмәнді мифтік бейнеге барып тіреледі. Екі қиырға тартқан қазақ – орыс бұл дилеммаға да Абай адамзаттық негізде, «жан-тән» философиялық өреде жауап береді. «Ақылдың жетпегені арман емес, құмарсыз құр мүлгуге қана алмаймын» - дейді. Мұнда біз жіктеп-жіліктеп  отырған Батыс-Шығыс жоқ. Адамзаттық мұрат – тілек бар. «Құмарсыз құр мүлгу» - догма, жанды алдау, ал тән рахатын эротика-порнографиямен алмастыру – азғындық. Бұл – аса маңызды бүгіндік – қоғамдық мәселе. Қазіргі әдебиеттен шешім таба алмаған соң Абайдың жүйелі ілімінен сабақ тартуға тура келеді. Үйткені ол адамзаттық ақыл-ойдан қанып ішкен – дәмін татқан білімпаз. Сондықтан ХІХ ғасыр қазақ сөзі ХХІ ғасырмен тең түседі. Бүгіндік әдебиетке ұстаздық етеді. Орыс әдебиеті бізді тағылық-тайпалыққа балап отырған «мифтік деңгей» Абайдан тыс – түр-тұрпаты көркем өнерді алмастыра алмайтын, тек қазақ халқын «кемсіту» кәдесіне ғана жарайтын көрініс. Ал Абайды білмей, қазақ жазба әдебиетінен хабарсыз отырып үкім айтылуы – өкінішті-ақ. Бүгінгі қоғамда орын алған ұлтаралық, руаралық, дінаралық қайшылықтардың өршуіне дәл осы – қазақ руханиятын терең білмей – танымай пікір айтып, билік құрған арандатушылар кінәлі болмақшы.

            Бұл ауыр нотаны жеңілдеткен қашаннан ежелгі театр саңлақтары еді.

– Асеке, көп білесің. Бірақ жазбайтын жалқаусың – деген тұстастарына даңқты қазақ режиссері Асқар Тоқпанов миығынан күліп:

– Абайды оқымайтын қазақ Асқар «бірдене» жазды екен деп, оқи қояр ма екен?! Не үшін әуереге түсуім керек – деп жауап қататын еді.

Жұрт бұған мәз боп күлетін.