Ата-ана - жұмаққа бастар жолымыз!

Ата-ана - жұмаққа бастар жолымыз!
жеке
блог

Сәлеметсіз бе құрметті оқырман! Вконтакте желісінде отырып Біліп жүремін тобының видеосын көріп қалдым ол видеоны сайтқа қалай салуды білмедім, өзі бөлісуге тұрарлық нәрсе екен ондағы сөздер орысша, оны қазақ тіліне білімім жеткенше аударып бақтым. Жалпы мазмұны былай:

Студияға көрермен қоңырау шалды: 55 жастағы әйел Аллаһ оған байлық бергенін айтып шүкіршілік жасады; өз басындағы проблемасын айтты:

- Менің екі ұл бір қызым бар, мен ұлдарыма қатты ашуландым олар менің байлығымды иемдену үшін мені өлтіруге тырысты, оларға ашуланғанымнан Аллаһтан қорқамын, олар көңіл көтеру үшін ақша қалайды, қазір мен өз Мырзаммен кездесуге қорқамын. О Шейх мен сырқаттымын мен өз ауруымның себебін жасырдым оларды айыптамас үшін, себебі шайтан оларды тұтастай билеп алған, Құдайыма құлшылық жасаудамын және де оған мүмкіндігінше жақындауға тырысудамын. Бар байлығымды қайырымды іске жұмсағым келеді, Аллаһтың сөзіне сене келе: *соңғы өмір жақсырақ және ұзағырақ*. Я шейх мен оларға ашулы болғаннан қорқамын, маған не істеу керек?

Жүргізуші:

-Шейх, біз рамазандағы адамардың қарым -қатынастары жайлы айтқан болатынбыз.

Бағдарлама қонағы:

 - Бұл ханымның жағдайы... Мен ешқашан елестете алмаймын бұл өмірде ата-анаға жаман қарым-қатынастың қандай болатынын; Я құрметті ханым, Мен Аллаһтан қайырым тілеймін ОЛ Ұлы, Ол сенің балаларыңа және саған жайлылық сыйласын, Аллаһтан өтінемін сенің мақтауыңды көбейтуін және сенің күнәларыңды кешіруін, дертіңі тезірек шипа беруін, және сенің балаларыңды тура жолға салуын сұраймын. Ал балаларыңа ашуланғаныңа келер болсақ, Аллаһ сені жақсы жолға салсын және тыныштығын төксін. Аллаһтан сенің ұлдарыңды дұрыс жолға салып, олардың саған ізетті болуын сұраймын. Сонымен қатар менің бауырларым ширк және ата-анаға деген құрметсіздік сынды күнәларды білмесін. Сенің әке шешең сенің жәннатқа бастар жолың. Олар сенің жұмағың мен тозағың. Жаннат есіктерінің біреуін ұстап қала алмаудан сақтан. Сенің анаң, сені 9 ай бойы құрсағында көтерген және сен үшін өлімге дайын болған сәл болса сені босанып жатқанда өлім аузында жатқанда ол өзі өлім құшар болса да сенің өмір сүргеніңді қалады. Сол мезетте ол сенің аман екеніңе шүкірлік қылды және 2 жыл бойы өз кеудесімен сені тамақтандырды, өз қанын берді, сені тамақтан және қаннан келетін сүтпен қоректендірді. Сен өстің, жігіт болдың және сенің күлкің мен қуанышың олардың жүрегін қуанышқа бөледі. Сен есейдің анаңның күш-қуаты кеміді сырқаттана бастады, және бұл сенің оған қарызыңды өтегенің бе? Аллаһ саған ата-ананың алдында бағынышты жіне тілалғыш болуды бұйырды, олардың алдында басыңды июге тиіссің!

Грамматикалық және аудармадағы қателіктерге кешірім өтінемін, тезірек бөлісейін деген ниетпен асығыс жазылды. Басты мақсатым көрерменге ой салу болды. 

Қадірлі оқырман видеосын мына сілтеме арқылы көре аласыздар...