Уақытылы түскі ас пен кешкі тамақ!
жеке
блог

Уақытылы түскі ас пен кешкі тамақ!

Кейде тіпті күнделікті кішкентай кикілжіңнің өзі жас адамның жүйкесіне қатты әсер етуі мүмкін.
Бір қарағанда олар психикаға айтарлықтай із қалдырмайтын  сияқты,бірақ тым жиі қайталана берсе елеулі шиеліністерге әкеліп соқтырады.Сондықтан да сіз күнделікті тағам ауқымын дұрыс сақтай отырып,стрестік жағдайлардан құтыла аласыз.
Таңғы асқа,-
Кейбір адамдар таңертенгілік ерте тамаққа тәбетім соқпайды деп тамақтанбай жатады.Әрине,бұл қате.Өйткені сіздің бір-бір жарым сағаттан кейін қарныңыз ашып,жұмысыңызды дұрыс жасай алмай немесе сабақ тыңдауға зауқыңыз соқпай мектепте немесе жұмыс орнында отырсаңыз, тамақ ішкіңіз келіп,бірақ тамақтанатын жер әрі уақыт та жоқ болғандықтан өз- өзіңізден ашулана бастайсыз.Ал таңертеңгілік уақытта таңғы асты тойып ішіп алған болсаңыз,түске дейінгі кикілжіңдер сіздің жүйкеңізге соншалықты қатты әсер ете қоймайды.
Есте сақтайтын тағы бір жайт, ашу қысып бара жатса қара шайдан көбірек ішіңіз.Кофе ішуді ұнататындарға қарағанда,қара шайды жақсы көретін адамдардың қан құрамында стресті тудыратын гармондар саны біршама төмен болады екен.Сондықтан да көңіл - күйіңіз болмай бара жатса,бал қосылған қара шайды дайындаңыз.
Авторы-Қожағұлова.А