арман қуған ала көңіл шарықтап...

...Тізбектеп жыр шумақтарын қара сиямен ақ қағаз беттеріне түсіре бастағаныма бүгінде алты жылдан асып барады екен. Кешегі "өлең жазам, маған тақырып қажет" дейтін күндер артта қалып"маған еркіндік керек, тақырып ұсынуыңыз орынсыз"дейтін күндерге жеттік.Тәубе.Тағдырымыз басымыздан сұм да сұлу күндердің талайын түстей өткізсе де, өмір өзен арнасы қайық боп тербелген мына бізді жартасқа да соғып, жайбарақат та жүздіріп, дауылға ұшыратса да тастас төзімді намысқа қайрап әйтеуір күн кешіп келеміз. Ақын жаны тым сезімтал екендігін жалпақ жұртқа жария екенін жұрт білсе де біз секілділерді "қияли" деп мазақ етіп, көңілге тиетін сөздермен келемеждеуі жалғасып келеді.Әрение, жұртқа топырақ шашудан аулақпын. Қоғам жігінде "зиялы қауым" деген ұғым бар. Тек сол қауым ғана, біз - "қияли жандарды" түсініп, сезімін сезіне алатын, сезігін сейілте алатын, күдігін күл ететін, күманын көңілден қуа алатын жандар. Зиялымен дос болғанның зияны тимес деген ойды санама шегелеп, жаңа достарымның бойынан өнер іздейтінді шығарыппын. Бұған тағы бір себеп,еліміздің тұңғыш оқу орны, беделділер мен зиялылардың қара шаңырағында білім алып жатуым.Аллаға шүкір, бүгінде мен тұрақ етіп, құтты қонысыма айналдырып отырған ҚазҰПУ-дың 3-жатақханасының ұлдары да, қыздары да өнерден кенде, өлеңнен жат, әдеби саладан ада емес. Жанған оттың ортасында жанбай жүру мүмкін еместігі секілді, өнерлілермен иық тіресе жүріп өнерлі болмауың мүмкін емес....
Бұл менің - көкейіме түйіп, санамда сақтап жүрген ойларымның  тіліммен жеткізе алған аз-маз бөлігі ғана...Тіліме сыймағаны,яғни өрнектеуге тілімнің айшығы жетпей санамда ескі кітап беттеріндей сарғайып жатқаны қаншама десеңші...
Ағымнан жарылып, асылымды жасырмай жұртқа жариялап отыру,бұдан кейін, менің мақсатыма айналмақ. 


Бөлісу: