Марғұлан Сейсембаев өз репутациясы жайлы айтты

Марғұлан Сейсембаев өз репутациясы жайлы айтты
Фото: azattyq.org

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев facebook желісінде тың бағдарламасымен жұртты таңдандырған еді. Жоба қанатын кеңге жайған сайын жақтаушыларымен қатар, даттаушыларын да тапқанға ұқсайды. Бұл туралы кәсіпкердің өзі фэйсбуктағы жеке парақшасына жазған болатын.  

Репутациям жайлы

"Кепіл беремін" жобасының қоғамның қызығушылығы мен резонанс тудырғанына байланысты көптеген қолдаушы ғана емес, бірдеңені меңзеуге тырысатын, әлдебір іс жайлы еске салғысы келетін, абыройыма нұқсан келтіруді ойлайтын және арандататын сұрақтарды төтесінен қоятын жамандық ойлаушы адамдар да пайда болды. 

Бөлім бойынша жауап берейін. 

Жеке тұлғама қатысты. Мен барлығы сияқты әлсіздігі мен кемшілігі бар адаммын. Күнделікті өмірде өтірік айтатын, кездесуге кешігетін, қателесетін кездерім болады, мақтағанды жақсы көремін, сынағанды ұнатпаймын, эгом мен амбициям басым. Қысқасы, кез келгеніңіз сияқты проблемаларым мен кемшіліктерім бар. Сондықтан қалай болғанда да әлсіздігім мен кемшіліктерімді мойындаймын. Жай ғана үнемі басына проблема іздеп тұратын сәл тынымсыз адам шығармын. 

Тарихым мен түрлі қылмыстық іске келсек. Маған кір жағып, жала жауып, өтірік айып таққандықтан, өмірімнің 5 жылын тек қана сотқа арнадым. Швейцарияда, Лихтенштейнде, Дубайда, Ұлыбританияда және Қазақстанда көптеген қылмыстық істен өттім. Үш күн-үш күннен Дубайда, Сауда Арабиясында абақтыда отырып шықтым. Қолыма кісен салынды. Бұл туралы википедиядағы менің парақшамнан толығырақ білуге болады. Соңында өтіріктің беті ашылды. Осының бәрінен кейін біреудің көкейінде өткен өміріме қатысты күмән қалған болса, бұл мені алаңдатпайды. Бұл ендігіде – сіздің мәселеңіз. 

Маған және "Кепіл беремін" жобасына қатысты сенім жайлы. Маған көзсіз сенуге шақырмаймын. Егер идея ұнаса, мақұлдаңыздар/ мақұлдамаңыздар. Адамдардың істеп отырған істерін саналы түрде жасағандарын және өз әрекетіне жауап бергендерін қалаймын. Сондықтан егер әлдекімге жөргегінен бастап барлық жағынан таза, репутациясында бір мін жоқ адам керек болса, бұл маған қатысты емес. Өзіңізге пайғамбар іздеңіз. 

Мені қалай қинасаңыздар да, қинай беріңіздер, ал жобаға қатысты конструктивті сын қабылданады. Менің күресудегі идеалым – "Зұлымдыққа күшпен қарсы тұрмау" ұстанымын ұстанған Махатма Ганди. Менің өмірге деген қарым-қатынасымдағы идеалым – өзі аттас фильмде "Айтқан сөзге сен. Егер өзің айтсаң, дереу істе" деген қарапайым философия айтқан Форрест Гамп.  

Бұл жазба "Кепіл беремін" жобасын қолдайтын және мені жеке танитын адамдарға арналмаған. 

М. Оңғарова