Америкадан Қазақстанға дейін: картоп әлемді қалай жаулады?

Америкадан Қазақстанға дейін: картоп әлемді қалай жаулады?
жеке
блог

Бірнеше ғасыр бұрын картопты ТМД елдерінде ғана емес, күллі Еуропада ас-ауқат ретінде пайдалануға қорыққан. Біздің құрлыққа картоп XVI ғасырда келсе де, XVIII-XIX ғасырларда ғана шын мәнінде танымал бола бастады. 

Оңтүстік Американың таулы аудандары - ауылшаруашылығы үшін қолайсыз аумақ, алайда дәл осы мекенде картопты алғаш рет кеңінен қолдана бастаған. Үндістер бұл көкөніспен баяғыда-ақ таныс деген дерек бар. Инктердің Аксомамма деп аталатын Құдайлары да болған, оның мағынасы - Картоп анасы. Олар уақытты сағатпен емес, картоптың пісуіне байланысты өлшеген. 

Сурет: pinterest.com

Еуропалықтар болса картофельді XVI ғасырда алғаш рет көрген, 1532 жылы Франсиско Писарроның әскері инктер империясын жаулап алды. Алайда испандықтар картопты құлдарын тамақтандыру үшін қолданған. 

Теңізшілер болмаса, бұл көкөніс туралы білмес пе едік?! Теңізшілер картоптың пайдалы тағам екенін бірден түсінген. Солардың арқасында картоп Еуропаға келген. Испания патшасы Филип II картопты Рим Папасына берген, ал ол өз кезегінде картопты Нидерландыға сыйға жіберген. Картоп осылайша Еуропаға таралған. 

Сурет: pinterest.ru

Басында еуропалықтардың бәрі картопты жаппай пайдаланып кеткен жоқ. Зиялы қауым үшін картоп расымен деликатес болды. Қарапайым адамдар картопты күнделікті өмірде жаппай тұтына бастады, алайда католиктік шіркеу картопты ұната қоймады. Діндарлар Библияда картоп деген сөз болмаса, Құдайдың өзі бұны ауқат ретінде қолдануды қаламайды деп мәлімдеген. Картофельді "қарғыс атқан алма" деп атаған. Емшілер болса, көкөністің сыртқы түріне қарап "картошка түрлі ауру тудырады" деп болжаған. 

Сурет: pulse.mail.ru

XVIII ғасырдың ортасында болған мұз дәуірінде картоптың беделі өсті. Еуропада аштық басталып, Пруссия мен Франция елдері картоптың көмегіне жүгіне бастады. 

Ұлы Фридрих II 1745 жылы бұйрық шығарып, ол бұйрықта шаруалар егіндіктің 1/10 бөлігіне "картоп егу керек" деп жазды. Жер иелері шаруаларға картоптың пайдасы туралы үгіт-насихат жүргізуге тиіс болды, ал офицерлер мен генералдар жеке меншік жерлеріне картоп егуге міндеттелді. Бұйрық орындалмаған жағдайда айыппұл мен абақты күтіп тұрды. Қысым көрсетудің арқасында Пруссия картопты жаппай тұтынуға көшті. 

Сурет: regnum.ru

Немістер картоптан түрлі тамақ жасап жатқанда, француздар көкөністі әлі де мойындай қоймады. Алайда 1756 жылы Франция мен Пруссия арасында жетіжылдық соғыс басталады. Осы кезде жас фармацевт Антуан-Огюстен Пармантье іске кіріседі. 

Бір шайқаста ол немістердің тұтқынына түседі, осы кезде алғаш рет картопты жеп көреді. Пармантье көкөніске ғашық болып, өмірінің соңына дейін картоптың жарнамасын жасауды өзіне мақсат етіп қояды. Осының арқасында XVIII ғасырдың аяғында француздар картопты күнделікті қолданатын тамақтарының қатарына қосады. Пармантьеге ескерткіш орнатып, оның құрметіне картофель запеканкасын атайды. Бұл - франуцуз асханасының негізгі тағамдарының бірі. 

Сурет: wikimedia.org

Ал Ресейге картоп Петр I патшаның арқасында келген. Голландияда болғанда патша картоптан жасалған көптеген тағамды жеп көріп, бірнеше килограмм көкөністі Отанына алдырған. Жолда картоп үсіп кеткен, ал аман қалғандарын жерге егіп тастаған. Картопты XVII ғасырда Ресейге ағылшын көпестері әкелді деген де болжам бар. 

Қалай болғанда да картоп шаруашылығын шындап қолға алған - Екатерина II. Оған Андрей Тимофеевич Болотов көмек берген. Ол жетіжылдық соғысқа қатысып, Пруссияда болған кезінде картошканы зерттеген. Кейін көкөніс өсіретін агротехниканы ойлап тауып, елде алғаш болып картопты мол етіп алды. Өзі ашқан жаңалықты экономикалық журналға шығарып, картоптан түрлі тамақтардан бөлек, шарап, шылым тіпті опа жасауға болатынын да айтқан. 

Соның арқасында картофель Балтық жағалауына жетіп, Беларусь пен Польшада таныла бастайды. Алайда оңтүстік өңірлерге қанат жая қоймады. Өйткені ол жақта егіндік онсыз да көп, оның үстіне ескі көзқарастағы адамдар көп болды. Олар картопты егуге қарсы болып, католиктік діндарлардың ұстанымын қолдады. Картопты "қарғыс атқан алма", "шайтанның түкірігі", "адасқандардың жемісі" деп атады. 

Сурет: wikimedia.org

Уағызшылар болса, жемістің сыртқы түріне қарай отырып, оны "грыжаға" немесе жыныс мүшесіне ұқсатқан. 

Алдынан шыққан кедергілерге қарамастан, картоп соңында бәрін жеңіп шықты.

ХIХ ғасырдың ортасында пайда болған аштық кезінде картоп кең қолданыла бастады. Николай I үкіметі халықты аштықтан құтқару үшін картоп егу мәдениетін кеңейтуді бұйырды. Осы уақытта картоп Қазақстан жеріне келді. 

1850 жылы Петропавлға картоп түйнектері әкелінді. Орталық Ресей, Еділ облысы, Украинаға жер аударылған адамдар келе бастағанда картоп егу мәдениеті түбегейлі орнықты. Картопты жергілікті тұрғындар да алғаш рет жеп көрді. 

ХIХ ғасырдың екінші жартысында картофель "екінші нан" атауын алады. Бақша дақылынан дала дақылына айналды. ХХ ғасырдың басында картоп шаруашылығы ауыл шаруашылығының кіріс әкелетін көкөнісіне айналды. Ол адам өмірін өзгерткен темірден кейінгі екінші шикізатқа айналды. Қазіргі таңда картопсыз үстелді елестету мүмкін емес.

Қуырылған картоп пен пюрені тамсана жей отырып, бұл тағамның инктердің басты қазынасы болғанын ойлай бермейміз.

Басты сурет: top-fon.com