Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира. СӨЙТЕМ, БҮЙТЕМ!

Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира.

СӨЙТЕМ, БҮЙТЕМ!

  Мәжіліс депутаттығына тіркелген кандидат Мақтанбай Уәдебайұлы  сайлаушылары алдында тұр.–Депутат болсаңыз, халықтың жағдайы жақсара ма? –деп сұрады біреу.–Ия, сөйтем, бүйтем, сөйтем, бүйтем! Сөйткенде сондай болады, бүйтсем, сондай болады, сөйтемін, бүйтемін,. Сөйте беремін, бүйте беремін.–Кешіріңіз, депутат болып кетсеңіз, неден бастайсыз?

–Сөйтуден бастаймын, бүйтуден бастаймын, сөйтем, бүйтем, сөйтем, бүйтем, сөй... сөйтем..–Әшейін уәде болып қалмайды ма? –деп сұрады тағы біреу.

–Оо, сөйтем ғой, бүйтем ғой, сөйтем, бүйтем, сөйтем, бүйтем.–Жаңа Қазақстан қандай болады?–Сондай болады, мұндай болады, сондай болады, мұндай болады, сондай болады, мұндай болады!–Ұлтын сүйген кандидаттарды аяқтан шалу неге жалғасып жатыр?–Олар сөйте алмайды, олар бүйте алмайды, сөйте алмайды, бүйте алмайды, сөйте алмайды...–Ауылға газ, су келе ме?

–Сөйтіледі, бүйтіледі, сөйтіледі, бүйтіледі, сөйтіледі, бүйтіледі...–Жемқорлар тиыла ма?–Сөйтіп жібереміз, бүйтіп жібереміз, сөйтіп жібереміз, бүйтіп жіберміз! Сөй... сөй.,..

   Халық тарады. Бір–біріне қарады. Олар да: –«Сөйтеді екен, бүйтеді екен, сөйтеді екен, бүйтеді екен!» –деп сыбырласып бара жатты. Ия, сөйтеді екен, бүйтеді екен, сөйтеді екен, бүйтеді екен!



Бөлісу: