Мамандық таңдау — мектептен

Мамандық таңдау — мектептен
жеке
блог

     Өңіріміз бойынша журналистика саласы айтарлықтай даму үстінде. Мықты мамандар мен өз ісін жетік білетін қызметкерлер әр дайым көрініс беріп жатады. Ол бірінші кезекте А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жемісі. Таяу да ғана Журналистика мамандығының 1 курс студенттері Дина Бахтиярқызы, Аружан Серік Арқалық қаласына барып, аталған мамандық бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын.
     Түсіндіру жұмыстарын аталмыш қаладағы 3 мектептің арнайы жабдықталған кабинеттерінде өткізді. Оған мектеп басшылығы, ұстаздар қауымы, 10-11 сыныптан жалпы саны 80-ге жуық оқушы қатысты.
     Жоғарғы оқу орнынан барушы тарап журналистика мамандығына шолу жасап, таныстырылым жасады. Оқушылармен кері байланыс орнатып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Шығармашылық мамандыққа түсу жолдарын айтып, емтиханға дайындық жайлы хабар етті.
     Жалпы алғанда журналистика мамандығына түсу үшін ҰБТ-дан екі пәнді таңдайды. Олар Қазақстан тарих және Оқу сауаттылығы. Әрбір пәннен шектік 5 балл жинаса оқушының оқуға түсу мүмкіндігі бар болып саналады. Қосымша шығармашылық емтиханды ЖОО қарбырғасында екі түрлі емтиханнан тапсырады.

Дина ДӘУЛЕТКЕЛДІ,
ҚӨУ студенті.
Арқалық–Қостанай.