ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДЫҢ ЖОЛДАРЫ ЖОЛ КАРТАСЫ АЯСЫНДА
жеке
блог

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДЫҢ ЖОЛДАРЫ ЖОЛ КАРТАСЫ АЯСЫНДА

сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы аясында Келес ауданындағы елді мекендердің арасын жалғайтын және ішкі көшелер​і кезең-кезңімен жөнделеді.
Аудандағы маңызды саланың бірі автожол саласы. Аудан аумағында жалпыға ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 1172,3 шақырымды, ал аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 122,5 шақырымды құраса, оның 100,6 шақырымы жақсы және қанағатанарлық жағдайда.
Жылдың қорытындысымен аталған көрсеткіш 90,2%-ды құрайды деп жоспарлануда. Елді мекендердегі ішкі көшелер ұзындығы 711,1 шақырым болса, оның 331,0 шақырымы орта жөндеуден өткен, яғни ішкі көшелердің 46,5% қанағаттанарлық жағдайда.
Жыл қорытындысымен 60,3 пайызға немесе 428,6 шақырымға жеткізу көзделуде. Жалпы жол саласында ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 126,1 шақырымды құрайтын 70 көшеге асфальт және шағал төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда жоспарлы жұмыстардың төрттен үш бөлігі аяқталған. Битум тапшылығы болуына қарамастан жеңімпаз мердігерлер жұмыстарын уақытында аяқтауға уәде беруде.
Келесі жылы ауданнан шалғай жатқан Жамбыл ауылдық округінің Бекбота және Майда Бозай елді мекендері аралығындағы 11 шақырым облыстық маңызы бар автожолына орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін смета жасалып, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс жолданған. Аталған автожолды жөндеу жұмыстары аталған басқарма тарапынан 2023 жылға жоспарланған.
Сонымен қатар, "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасы аясында Жамбыл және Бозай ауылдық округтерінің тұрғындарының облыс орталығы Түркістан қаласына Сарыағаш ауданы арқылы баратын жолының ұзақтығын қысқарту мақсатында Бозай ауылдық округінен көрші Сарыағаш ауданының Әлімтау ауылдық округіне дейінгі жолға шағал тас төселуде.
Сала мамандарының айтуынша бұл жоба алдағы уақытта толық аяқталып, қос округтің тұрғындары облыс орталығына жақын жол арқылы жететін болады.
#AMANAT