ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
жеке
блог

ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

округі Еңкес елді екеніндегі «Fres Boom» ЖШС кәсіпорнында еңбек ұжымымен сыртқы нарыққа бағдарланған өндірушілер үшін ынталандыру шараларының кешенді мәселелері бойынша кездесу өтті. Кездесуге аудандық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы саяси кеңес мүшесі, «Құркелес» бастауыш партия ұйымының төрағасы М.Асилов, Құркелес ауылдық округі әкімінің кеңесшісі С.Сүлейменова және «Fres Boom» ЖШС, «Алекс» ЖШС еңбек ұжымының өкілдері қатысты. Кездесуде М.Асилов: Еңбек ұжымымен сыртқы нарыққа бағдарланған өндірушілер үшін ынталандыру шараларының кешенді мәселелері бойынша қысқаша айтып өтті. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған кезекті Жолдауында еліміздегі жүргізіліп отырған Конституциялық реформаның негізгі бағыты саяси-әлеуметтік жүйені жаңғырту арқылы әділетті Қазақстанды құру екендігін баса айтып, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмысы төмен отбасылардың жағдайына көңіл бөліп, шағын және орта бизнесті дамыту, макроэкономикалық жүйені тұрақтандыру, жаңа салық саясатын енгізу, білім мен медицина саласындағы атқарылатын басым бағыттарға тоқталды.
Кездесу соңында алдағы сайлауда кемел келешек үшін жауапкершілікпен таңдау жасап, белсенділік танытуға шақырды.
#AMANAT