Әскери салада жаңа әлеуметтік жоба іске қосылды

Әскери салада жаңа әлеуметтік жоба іске қосылды
жеке
блог

Әскери медиа жобасы аясында әскери салада жүрген сарбаздар, сержанттар және офицерлердің қызметтік борышынан бөлек қарапайым өмірдегі қызығушылықтары, өмірлік ұстанымдары және елдің дамуына қосып жатқан үлесі жазылады. Жоба аясында Жамбыл облысындағы әскери бөлімдерге барып, сарбаздармен, әскери клуб мүшелерімен, офицерлік құраммен кездесіп, сұхбаттасып, тренингтер өткізу жоспарланған. Сондай-ақ республикалық «әскери клубтардың» іс-шаралары насихатталады. 

Бұл іс-шара «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-ның қолдауымен «Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастырып жатқан «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» жобасы аясындағы «Әскери медиа» шағын грант негізінде жүзеге асырылып отыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Әскери медиа (@as_media2022)