Күйеуінен таяқ жемеген әйел ...

Күйеуінен таяқ жемеген әйел ...
жеке
блог

Түн ортасында есік қағылды

-Әй , бұл кім ей түнделетіп жүрген?

-Анашым мен ғой Назия,(қолында кішкентай қызы бар) кіргізші үйге, Мені аналар өз үйіме сыйдырмады. Жандос (күйеуі)  таяқтың астына алып, күн көрсетер емес.-–деп жалғыз қызы өкіріп, жылап тұр

- Тәйт ары...! сол үйге келін болып бардың ба, енді отымен кіріп, күлімен шық. Ертең ел-жұрт не дейді?  Ұяттан жерге кіретін тесік тапай жүретін жайым жоқ, өлігің сол үйден шықсын! -деп есігін қарт ана тас жапты.

 Қызы сорлап, үйіне қарай ақырын басып , кете берді...  Енді  қанша қиналатыны тек жаратушыға аян.

Аманатқа қиянат

Үйлену оңай, үй болу қиын деп бекер айтпаған ғой атам қазақ. Осы күні несиеге той жасап, бір жыл тұруға да шыдамайтындардың саны артып кетті. Оған себеп көп. Біреулер жағдайдың жоқтығынан ажырасса, тағы біреулер ащы судың шырмауында кеткен жарының кесірінен айырылысады. Алайда, өмірлік серігім, қорғанышым деген адамдарынан таяқ жеп жүріп, қандай қиындық көрсе де, есіктен аяған аттап баспайтын әйелдер де бар. Себебі олардың ұяттары жібермейді.

Қыз  бала деген –  жарын тапсырылған  аманат, өз үйіне қонақ.  Бірақ, бұны түсінбейтін ерлер жетерліктей. Барған жеріне бақытты боламын деп емес, бақытты қыламын деп барып, ауру,мүгедек болып қанша қыз-келіншек шығып жатыр. Осындай сұмдықтың алдын алу жолдары қандай өзі? Бұл мәселе Қазақстанда көбеймесе, азаяр емес. Шешімі де, жазасы да табылмаған аюандықтың кесірінен қаншама нәзік жан ажал құшты, қаншама бала тірі жетімге айналды.

Жұрт не дейді?

 Қазақ халқы ежелден қыздың арын биік қойған.  Қызға 40 үйден тыйым қойып, тіпті үйленгенге дейін жігітін құшақтау былай тұрсын қолынан ұстап қыдырмаған. Күйеуге шыққаннан кейін сол үйге тастай батып, судай сіңу міндет болған. Бәлкім бұрыннан келе жатқан ұстаным осы болғанна кейін қандай жан-жал болсада отбасының беделін, мәртебесін ойлағандықтан төркінге қайтуды біреулер құп көрмейді. Оның үстіне «Жұрт не дейді?», «ұят болады» деген дүние тағы бар.   Осылардан кейін өз жанұясын, бала-шағасын берік ұстап қалу үшін шарасыз ана бәріне көнеді, себебі басқа амал жоқ. Бұл кикілжіннң бәріне үйреншікті жағдай деп қарайтыг   отағасы да әйелінің кетпейтінін біліп, басына әңгір таяқ ойнатуды  әдетке айналдырады. Бұған дәлел күнделікті жаңалықтан естейтін түрлі қылмыстар. Таяуда ғана ел-жұртты елең еткізген сұмдық оқиға батыс Қазақстанда орын алды. Қамал алатын жасқа келген ер адам  өз әйелі мен қос қызын тілсіз жауға қия салған. Бұл жағдай да әйелдің ұяттың отына күймеу үшін, бірнеше жыл көлемінде көніп келгенінен болып отыр ғой. Және бұл тек біріншісі емес.... Біз естімеген қаншасы бар...

Қалаулымдағылардың қалауы...

     Шаңырақтың шайқалуына әсер ететін тағы бір себеп ол мәні мен мағынасы жоқ проекттер. Тура бір жығылғанға жұдырық сияқты.  Бұлардікі ерекше енді. Отбасындағылардың төрт көзі түгел болып отыратын қолайлы уақытты таңдап алып, 3 сағат бойы санаңа жетпейтін бір дүниелерді айтып пікірталасады. Бейне бір ондағылар күйеуден таяқ жеуді насихаттайтындай. Біледі ғой, көп адамның тыңдап, көретінін.  «Таяқ жемеген әйел әйел емес» , немесе «үш рет ескертем, тыңдамаса таяқтың астына аламын»,- деп көпіретіндердің бәрі  осы жерге жиналғаып алғандай. Осындай миға қонымсыз дүниелер еркектерге кері әсер етеді ме белгісіз, бірақта 30-40 пайыз келеңсіз жағдай осындай бағдарламалардан соң орын алатыны сөзсіз. Ең қызығы не білесіз бе? Бұлардың мақсаты еліміздегі отбасының санын көбейту ғой. Алайда істеген істеріне қарасаң бәрі керісінше сияқты.

Психолог Психиатр емес.

     Бес саусақ бірдей емес қой. Арасында өз өміріне алаңдайтындары да бар. Олар қиын жағдайдан шыудың жолын іздестіреді. Жақсыға ұмтылып, психологтардың көмегіне жүгінгілері келетіндер де баршылық.  Бірақ олардың жолын байлайтын тағы ұятмэндар, туған-туыстары, ата- анасы. «Неге?» дейсіз ғой. Себебі, олар психолог десе ақ тондарын ала қашады. Өйткені ойларында психолог психтармен жұмыс істейді деген ұғым қалыптасқан. Міне, осының өзінен ойлау дәрежесінің төмендігін  көруге болады.  Олар психты психиатр емдейтінін қайдан білсін?

    Не болса да , бұл көмек түрін Қазақстандықтар әлі қабылдай қойған жоқ. Шет елдің менталитетіне әлдеқайда жақынырақ сияқты.

Дін бойынша әйелді ұру......

      Қыздаға қол көтергендердің кейбіреулері бұл жат қылықты діңге жабады екен. Олардың айтуынша дін бойынша әйел таяқ жеуге міндетті. Алайда бұл сөздердің дінге еш қатысы жоқ екені айдан анық. Қайткен кунде де қыздар қауымы тек жақсыға лайық. Сондықтан да нәзік жандыларға қол көтермес бұрын, есіңе анаңды түсір. Анаңда жамнадыққа қиятының екіталай.