Меркіде 150-ге жуық оқушыға Pfizer вакцинасы салынды

Жамбыл облысы Меркі ауданындағы В. Савва атындағы №9 мектеп-лицейінде ата-аналардың келісімімен 12 мен 17 жастағы оқушыларға Covid-19-ға қарсы вакцинациялау жұмысы жүргізілді.

Бүгін аталған мектепе 150-ге жуық оқушыға Pfizer вакцинасы салынды. Бүгінгі вацинациялау жұмысына Сарымолдаев округінің дәрігерлері Аралбаева Шырын, Қуатова Асель және медбикелерімен келіп, балаларды тексеруден өткізіп, вакцинациялау жұмысын бастады.

Балалар вакцинация алдында жақсы тамақтанды, вакцина алғаннан кейін жеке бөлмеде отырды, ата-аналары балаларының қасында болды.



Бөлісу: