Төлеби ауданының оқушылары ауылдың қазыналы қарияларымен кездесті

Төлеби ауданының оқушылары ауылдың қазыналы қарияларымен кездесті
жеке
блог

«Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған «Ұлы дала өркениеттері» атты байқауға Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары да белсене қатысуда.



Атап айтқанда, байқаудың “Ұлттың тілі, дәстүрі, мәдениеті — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі” іс-шарасы аясында Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары ауылдың қазыналы қариясы, Ұлт тәуелсіздігіне өзіндік үлесін қосқан, Төлеби ауданының құрметті азаматы, қажы Айдарқұлов Алтынбек атамен кездесіп, елге еткен ерең еңбектері туралы өнегелі әңгімелерін тыңдап қайтты.

Сондай-ақ мектеп оқушылары ауыл ақсақалы Қазақстан білім беру үздігі Кадиров Османали атамен жүздесіп, ол кісінің педагогика саласында еткен еңбектерімен танысты. Балалар өздеріне үлкен әсер алып, зор серпінмен қайтты. Атаның ақ тілек батасын алып, естелікке суретке түсті.

Балалар ауылдың қазыналы қариясы, Ұлт тәуелсіздігіне өзіндік үлесін қосқан, Төлеби ауданының құрметті азаматы Тұрашев Ақберді атаны да шет қалдырмады. Атамен кездесуде жастар сұрақтарын қойып, Ақберді атамыздың өмірі, еңбек жолы мен ауыл дамуына қосқан үлесі туралы тыңдады, әсерлі ой түйді.

Маңызды шаралардың бірі — «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» тақырыбында қолөнер көрмесі. Көрменің басты мақсаты – ұлттық қолөнерді дамыту, бабадан қалған қолөнерді ұрпақ санасына сіңдіру. Ұлттық қолөнер көрмесіне мектептегі оқушылардың жұмыстары қойылып, өздері жасаған бұйымдары өзгеге кеңінен  насихатталды. Атадан балаға мұра болып келе жатқан қазақтың қолөнер шеберлері барда ұрпақтан ұрпаққа жалғасып кете бермек.