Өйтпесе оның несі адам?

Өйтпесе оның несі адам?
жеке
блог

Өмір сонша қызық дүние-ғой, шіркін! Күнде таңертең бір нәрсенің артынан дөңгеленіп келесі нәрсе қайталантындай баз кешеміз, одан қалса күйбең тіршілік адамды мезі етіп жіберетіндігі тағы бар емес пе? Күн сайын бозторғай шырылдап, күн шығады. Одан кейін боз дүниенің күйбең тіршілігі басталып кетеді. Кейде өз-өзімнен тұңғиық ойға шомылып , осы қу дүние туралы ойдың желегінде кетемін. Одан қайтып шығу қиынға соғарын жеті білемін. “Несі бар ?” , деп жатып алып ары қарай ойларымды дөңгелетіп алып кетемін.

Ойланып көрдіңіз бе, өмір шынымен де бір тылсым қызық дүниелерге толы. Күлдіріп тұрып , шыбындай жанымызды қинап тұрып жылатады, ол ештеңе емес , көз бен қастың арасында үлкен мұңға баттырып, өмірден баз кештіріп жіберетіндігі қатты қинайды-ау. “Көп сөз -көмір” деп жөн сөлтеген бабаларымыздан аттамай-ақ қояйын, тоқ етерін айтсам, өмірде бәрі болады, бәрі. Бірақ, адам өз басына түскеннің бәріне көнуге де тиіс, оны көтеруге де міндетті. Өйтпесе оның несі адам?