Жарақатын жасырған Пакьяо жазалана ма?

Жарақатын жасырған Пакьяо жазалана ма?
Фото: eurosport.ru

Филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо америкалық кіші Флойд Мейвезермен өткізген жекпе-жектің алдында өзінің жарақатын жасырғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы батыстық басылымдар хабарлауда.

«Ғасыр жекпе-жегіне» баланған кездесудің алдында Мэнни Пакьяо ресми құжатты толтыру барысында өз жарақатын жасырып қалған. Бұл Невада штаты спортшылар комитетінің заңына қайшы келеді-міс. Сондықтан да жарақатын жасырғаны үшін Мэнни Пакьяо төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы керек екен. Одан өзге 5 000 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Бірақ, спортшының өкілдері бұл жайтқа қатысты ресми түсінік берген жоқ.

Айта кетейік, 3 мамыр күні өткен Мэнни Пакьяо мен Флойд Мейвезер арасындағы жекпе-жекте америкалық боксшы төрешілер шешімі негізінде 118-110, 116-112, 116-112 ұпай айырмасымен жеңіске жеткен болатын. Ал Мэнни Пакьяоның жарақатпен шыққаны кейін белгілі болды. Филиппиндік боксшы жақын күндері иығына ота жасатпақ. Отадан кейін 9 айға жуық шаршы алаңға орала алмайтын болады.

Ұқсас жазба

Мэнни Пакьяо жекпе-жекке жарақатпен шыққан

Флойд Мейвезер Мэнни Пакьяоны ұпай айырмасымен жеңді

«Ғасыр жекпе-жегі» қандай баға алды? (видео)

О. Сансызбай