Мен енді жыламаймын...

Мен енді жыламаймын...
жеке
блог


Бақыттан басым айналып, махаббатқа мас күнім еді. Малшындырып өткен салқын жаңбырдай,дәл төбеме түскен жайдың оғындай суық хабар ,көкте қалықтап жүрген мені .мынау пенделер мекендеген жалған тірлікке атып түсірілген шүрегейдей ,балшыққа былш еткізіп құлатып түсірді.Әке-шешемнің жол апатына ұшырап, ауыр қалда жатқанын естідім.Тұрмысқа шыққалы жатқан жігітім де, той болғалы жатқан мейрамхана да жайына қалды. Такси ұстай сала ауруханаға ұшып келемін.
Жүзі қуарып жігітім де жетті артымнан. Іле-шала болашақ ата-енемде келді. Ал менің әке-шешеме ота жасалып жатқан еді. Біраздан кейін дәрігер де шықты; -Ағаның екі аяғын тізеден жоғары кесіп тастауға тура келді... -Шешеме не болды,айтыңызшы,өтінемін!-,деп мен жыламсырап сұрай бастадым. -Ол кісінің бет әлпетінен он шақты әйнек сынықтарын алып шықтық. Қан көп кеткен. Қан құйып жатырмыз,-деді дәрігер. Ұлы да, қызы да мен едім әке-шешемнің. Алланың берген жалғызымын...
.Ауруханадан шығарып,үйге әкеліп өзім күтіп жатырмын.Шешем жүйке ауруына шалдыққанға ұқсайды. Ұзақ уақыт бойы бір нүктеге тесіліп отырады да қояды. Кейде әп-әдемі, ас әзірлеп,кір жуып, әкеммен қалжыңдасып... Әкем болса екі аяғынан айырылғанымен қоймай сал болып қалды. Көтеріп дәретке отырғызып, жас балаша өзім жуындырамын. Еркек адамға бұндай деген өте қиын екен. Өзін-өзі жеп, көз алдымда нашарлай бастады. Ақырында мүлде тамақ ішкенді қойып сұлық жатып алды. Жедел жәрдем ауруханаға алып кеткен еді. Инемен тамақтандырып байқап еді болмады. Ауруханадан мәйітханаға ауыстырылды.


Тойымыз болмай қалған соң,аздан соң біз көп қиналмай ақ айрылысып кеттік. Оны басынан бастап қарсы болған шешесі, меннен басқа қараушысы жоқ ауру әке-шешмнің машаһаты,болмай қалған той үшін төленетін несиенің ашуы ,және де маған белгісіз,білгім де келмейтін себептер алып кетті.Ал мен болсам несін айтайын,бәрі де белгілі жағдай ғой.
Әкемді жерлеген соң, өң мен түстің арасында жүрдім.Шынымды айтсам менің де әке қабырына барып жатып алғым келді. Бұл тірліктің түк мәні қалмаған еді. Ауыр күйзелісте жүрдім. Жүйкем жұқарып,сөгілердей .Тек шешем... Қайран шешем!
Анашым көктем мен күзде көтеріліп ауыратынды шығарды.Көршілерімнен айналдым. Бәрі біледі,жан адамға зияны жоқ. Отырыңыз деп орындық беріп ,алдына айна қойса болды ,бір нүктеге қадалып қатады да қалады.Содан маған қоңырау шалып "Апаны қатырып тастадық"дейді . Мен келіп алып кеткенге дейін солай отыра береді.
Оң жақта отырып бір қыз тауып алғанмын. Енді не істеймін. Жасым да отыздан асып бара жатыр. Еркектің не екенін біліп қалған мен еркек құшағын аңсай бастадым. Кеудемде алаулаған от бүкіл тәнімді күйдіре бастады. Мен секілді әдемі келіншектің еркексіреп жүргенін сезген тісқаққан жігіттер де табыла кетті. Ұят-ай,тіпті оншақтысы бірақ табылды. Кішкентай Гүлсімнің әкесі қайсысы екенін өзім де білмеймін...