Кеңірек ойлап үйренудің 7 тәсілі:

«Біз өзіміз ойлаған кезде ойлау деп аталатын нәрсеге кіреміз. Біз жетістікке жету үшін ойлап үйренуге дайын болуымыз керек. Адам ойлана алады, өйткені адамда ойлануға мүмкіндік бар. Бірақ бұл мүмкіндіктің өзі біздің толыққанды ойлауымызға кепілдік бермейді».
Мартин Хайдеггер

1. Сіз не істегіңіз келетіні туралы ойласаңыз, басқа жерге ауысыңыз, яғни орын ауыстырыңыз. Адам қозғалыс барысында, эмоциясын өзгертеді. Ал жаңа орын жаңа көзқарстарды ойлауға көмектеседі.

 2. Өзіңізді бөгде адамның орынына қойып көріп, өз мәселеңіздің мүмкіндіктері туралы ойланыңыз. Өзіңіз тамсанатын адамнан бейне бір кеңес алып жатқандай болып елестетіп көріңіз. Бұл тәжірибені қажет етеді, дегенмен сіз өзіңізге әр түрлі жауаптар аласыз. Сол жауаптардың біреу болсын сізге  өте пайдалы болуы мүмкін.

3. Арманыңыздың суретін салыңыз. Жаратқан бізге барлық жағдайды қарастырған. Тек соны ұтымды пайдалана білу керек. Қолмен ойыңыздағы дүиені сала аласыз, көзбен өзіңіз қалаған затты көре аласыз. Бәрі оңай, тек өзіңізбен жұмыс істеуіңіз керек!

4. Сіз іске асырғыңыз келіп жүрген істі, не болмаса саланы, қазіргі таңда сол салада жұмыс істеп жүрген адамды тауып, сол адамнан ақыл-кеңес сұраңыз.  Бұны біз модельдеу деп атаймыз. Ойлап көріңізші, егер олар бұл істі істей алса, неге сізде жұмыс істемейді?

5. Табысты болу сіз үшін нені білдіретінін анықтаңыз. Сіз бұл істі неге асырғыңыз келеді? Соны жіті ойлап көріңіз!

 6. Өзіңізге ұнайтын нәрсені қалай бастауға болатындығы туралы жиі ойланыңыз. Ойлау бізге берілген ең үлкен сый. Жоғарыда бірнеше рет айтқанымдай, қолда бар мүмкіндікті пайдалануға тырысыңыз. Мүмкін ойлау арқылы сіз өзіңіз білмейтін тағы бір сырды ашатын боларсыз? Кім білсін?!

7. Күлкі. Күлкі өмірді ұзартады демекші, күлкінің де ойлап үйренуге тікелей қатысы бар. Сіз әзілдеу арқылы, жаңа бір белестерге апауы мүмкін.

Қорта айтқанда, мына әлем біз үшін шектеуі жоқ мекен. Әр адам өзінің қалағанын істеуге құқысы бар. Тек оны ұтымды пайдалана білуі керек.



Бөлісу: