Заманауи билер

Заманауи билер
жеке
блог

    Әр ұлттың өзінің ұлттық немесе дәстүрлі би түрлері бар.Қазіргі таңда біз білмейтін де би стильдері бары рас.Жалпы бидің үш бағытын айта кетсем.Олар:Классикалық,Романтикалық және Заманауи билер. Соның ішінде жастар тарапынан көп орындалатыны: заманауи билер.Осы би арқылы әлемге танылып,еліміздің атынан шығып жүрген жастар жетерлік.Қарап отсам,елімізде хип-хоп мәдениеті жайында мақалалар өте аз.Осы мақалам арқылы,сіздерге заманауи би жайлы және елімізді би арқылы танытып жүрген жастармен таныстырамын.

Заманауи билердің бір түрі-көше билері.Оның ішінде қазір үлкен танымалдылықты алып жатқан стиль түрлері:Hip Hop,Krump, Break Dance,Popping,Waaking. Әр стильге жеке тоқталып кетсем:

  Hip Hop- көше биінің ен танымал стиліне жатады.Көбінесе хип-хоп музыкасымен және хип-хоп мәдениетінің бөлігі ретінде дамыған. Ол 1970 жылдары құрылған және би командаларының арқасында АҚШ-та танымал болған Break Dance, Popping, Locking сияқты стильдердің кең спектірін қамтиды. Хип-хоп фристайл, басқа би стильдерінен ерекшеленеді . Хип-хоп командалары "баттл"деп аталатын,фристайл жарыстарын ұйымдастырады. Командалар, фристайл және баттлдар-бұл стильдің идентификаторлары. Хип-хоп хобби немесе кәсіби биші ретінде ақша табудың бір түрі болуы мүмкін.Елімізді би жағынан танытып жүрген екі бишіні ерекше атап өткім келіп тұр.Олар:Сейфуллин Бауыржан және Алик Ким.

Сейфуллин Бауыржан - Bauka

ТМД және Еуропа елдерінде қазіргі заманауи би бойынша көпсатылы чемпион,шетелдік бишілерден 100 - ден астам шеберлік сабақтарын алған.Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Чехия, Италия сияқты елдерінде әділқазы болып және шеберлік сабақтарын өткізген. 2018-2019 ж., "Red Bull Bc One лагерь", "Fusion Concept" және т. б. заманауи билер фестивалінің ұйымдастырушысы, Game Over Shop 2016 - 2018ж · қатысушы "Универсиада"2017ж.,Қатысқан жобалары: "Арнау" Димаш Құдайберген 2019ж., "Солнечный Концерт - Тур" Алишер Каримовпен, "ДуДуман", "Той-Бастар", "Бала Дауысы", "Turk Vision" Түркия, "Silk Way" Астана, " Биле Казахстан "," so you think you can dance "2017 ж. сынды жетістіктерге жеткен.

Алик Ким

Қазақстан мен Орталық Азия аумағындағы көптеген би фестивальдерінің жеңімпазы және төрешісі.Қазақстанның Кореядағы Сеул қаласындағы KOD Asia Qualifier компаниясының өкілі.Funky Town Dance Awards нұсқасы бойынша "2018 жылдың Үздік хип-хоп бишісі.Нью-Дели қаласында төрешілік етті және шеберлік сабақтарын өткізген болатын.Ghôst Flow Movement халықаралық командасының өкілі.Париждегі әлемдік финалда Ghetto Style Fusion Concept-тегі Қазақстанның өкілі.

  Krump - ескі хип-хоп мектебіне қатысты, Krump-рухани мадақтаудың абсолютті күш патшалығын білдіретін аббревиатура.Стильдің негізін қалаушылар сенушілер болды, рухы өткір, жігерлі және агрессивті. Стиль өте алуан түрлі, өйткені оны билейтін адамдар мүлдем басқа стильдерді қолданады.Крамптың орындауындағы ең бастысы – орындаушының көзқарасы мен оның сипатына сәйкес келуі. Крамп баттлдары өтетін маңайдың тұрғындары кейде тәртіп сақшыларын шақырады, өйткені би нағыз жекпе-жекті еске түсіреді.

  Breakdance -ХХ ғасырдың 60-жылдары Нью-Йоркте қалыптасқан көше биі. Бұл күрделі акробатикалық қозғалыстарды біріктіретін және бишінің керемет физикалық формасын көрсететін бағыт. Бұл ең көне және ең танымал хип-хоп биі, даму мен жетілдірудің бай тарихы бар.

Breakdance арқылы елімізді танытқан бұл егіз бауырлар-Анарбеков Даулет,Анарбеков Адлет.Бұл стильдегі Қазақстаннан шыққан алғашқы әлемдік чемпиондар.

  Popping — бұлшық еттердің жиырылуына негізделген би стилі, ол биші-пап денесінде өткір тербеліс әсерін тудырады. Бұл әр түрлі қозғалыстар мен позалармен бірге музыка ырғағында үздіксіз жасалады. Паппингті орындайтын биші паппер деп аталады. Ресейдегі Popping ұзақ уақыт бойы "жоғарғы брейк-данс"деп аталды.

Дәурен Айжарықов-поппинг және локинг стилінің бишісі. Қазақстан атынан көптеген халықаралық чемпионаттарда өнер көрсетті, соның ішінде: Juste Debout France, R16 Korea Seoul, keep on dancing China, Back to the style Italy, Pisa, Pay the cost to be the boss France, Paris. Қазақстанда би жарыстарын ұйымдастырады.

   Waacking - бұл өткен ғасырдың 70-ші жылдары АҚШ-тағы клуб мәдениетінің бөлігі ретінде пайда болған би бағыты.Шынында да, вакинг-бұл қозғалыс белсенді қолданылатын өте мобильді би.Биде көпшілік алдында ойнау, өз сезімдері мен эмоцияларының жарқын көрінісі өте жоғары бағаланады. Вакингтің әр бишісі әдемі билеп қана қоймай, қозғалыста әртүрлі эмоцияларды жеткізе алады. Сондықтан мұндай адамды актер деп атауға болады.

Мадина Бейсекеева-кәсіби хореограф. Өмір бойы бимен айналысады. Қазақстанда Waacking бағытын дамытудың алғашқы бастауларының бірі.

 Көптеген халықаралық чемпионаттарда жеңіске жетті, соның ішінде Мәскеудегі BattleZone SmackandWaack, Стокгольмдағы StreetStar. ТНТ-дағы "би" және "Биле, Қазақстан"сияқты бірнеше танымал би жобаларына қатысты.

Бұл мақаланы жазудағы мақсатым, сіздердің биге деген қызығушылықтарыңызды арттыру.Және еліміздің туын биікке көтеріп жүрген,бишілерімізбен таныстыру.Көбісі бұл стиль түрлерін түсіне бермейді. Заманауи би: анайылық пен жабайылықтың көрінісі деп ойлайтындар да бар. Ешкімге құлақ аспай,өзіңізге ұнайтын нәрсемен айналысыңыз.