Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемнің үздік 20 ұжымының қатарына енді

О Сансызбай Корреспондент
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемнің үздік 20 ұжымының қатарына енді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлемдік рейтингте екі саты жоғарылады. Нәтижесінде отандастарымыз 1260 ұпаймен әлемнің үздік 20 құрамасының қатарына енді.

БӨЛІСУ

Бразилиялық маман Какау жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында сәтті өнер көрсетті. Бірінші ойында Румынияға 4:6 есебімен ұтылғанмен, кейіннен әйгілі Португалия құрамасынан басым түсті. Грузияны 4:0 есебімен ойсырата жеңіп, қосымша жолдамаға таласуға мүмкіндік алды. Отандастарымыздың қарсыласы алдағы уақытта анықталатын болады. Жолдама сарапқа салынатын ойындар 15-22 қыркүйек аралығында өтеді.

Футзалдан құрамалар арасындағы әлемдік рейтингті 1922 ұпаймен Испания құрамасы бастап тұр. Бразилия құрамасы екінші орында болса, ресейліктер үшінші орынды сақтап қалған.

Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі қосымша жолдамаға Әзірбайжан (13), Румыния (16), Беларусь (22), Словакия (23) Босния және Герцеговина (30) және Венгрия (31) құрамаларының бірімен таласатын болады.

1 (1). Испания — 1922 ұпай
2 (2). Бразилия — 1910 
3 (3). Ресей — 1746
4 (4). Италия — 1721 
5 (5). Аргентина — 1679
6 (7). Иран — 1611 
7 (6). Португалия — 1596 
8 (8). Украина — 1494 
9 (10). Колумбия — 1415 
10 (9). Чехия — 1412

Жақша ішіндегі алдыңғы рейтинг нәтижесі

Сурет: prosportkz.kz

Оқи отырыңыз

Қазақстан футзал құрамасының рейтингтік көрсеткіші жоғарылады

Швециялық клуб Франциядағы әуе апатынан аман қалған

Бағы жанбай жүрген бапкерлер

Футболдағы ХХІ ғасырдың ең үздік покер орындаушылары (видео)