Тұрмысқа шығуға неге асықтым?

Сағат таңғы 4:50  ары жатсамда бері жатсамда сол бір қарт кісінің айтқан әңгімесі ойымнан кетер емес.Қанша оқиға естісемде,дәл сол оқиғанын кейіпкерінен естіген әңгіме өзіме үлкен әсерін тигізді.Бұл оқиға былай басталған болатын:

Мен  журналистика факультетінің  1курс студенті едім.Ауылға жиі- жиі баратынмын. Солай Алматы қаласынан ауылға қарай қайтуым керек болды. Сағат 18:30да автобусым жүрмек.Ал, мен жатаханадан кеш шығып, оған қоса қырсыққанда таксиде кездеспей, жолым болмай шықты. Осылай сағат 18:25 кеткенде ентелеп Сайранға жеттім. Жүгіріп автобусқа келіп жайғаса бергенде қасымдағы қарт әжей бетіме қарап:

-Үлгердіңбей- деді ,

-Я, үлгердім-, деп бір- бірімізге қарап жымия қойдық.Әжей екеуіміз таныс болмасақта, күнде көріп жүрген кісідей жақын араласып кеттік. Өзі күлім көзді,жылы жүзді,мейірімді кісі екен.Осылай әңгімеден әңгіме ұласты.Өзімнің қай жердің қызы екенімді,журналистика мамандығымда оқитынымды айтып,бұл мамандыққа қалай келгенімді баяндап мәз болып отырғанда жанымызда  отқан қыздың өктем- өктем  дауысы естіліп жатты.Телефонды қоя сала қасымда отқан әжей:

-Кімге сонша ұрыстың қызым ау?- деді,

-Мамамғой- деп, бұлқына қоя берді қыз.

-Аналарыңды бар кезіңде бағалаңдар.Менің анам бар болғанда құшағымды ашып,анамды шүлпілдетіп сүйер едім!- деді қарт кісі.

-Анаңызды сағындыңыз ба?- дедім мен.Бұл сұрақты қойып алып,өзім қатты ыңғайсыздандым.Бірақ әжей мүлтікпестен:

-Әттең сағынатын анамда жоққой- деп, қиналсада білдіртпеуге тырысып күле салды.Журналистикада оқитын болғаннан соң ба менде түртпектеп қоймадым.

 - Неге олай дедіңіз ?-деп сұрадым.

-Мен анамнан ес білмей тұрып  айырылғанмын,өгей шешем болды.Бірақ өгейдің аты өгей емес па?!- деп тоқтап қалдыда, одан да саған басынан бастап айтып берейін жол қысқарсын -деді.Біреудің өмірі қызық емеспа айтыңыз айтыңыз- деп қуанып  кеттім.

Әжей жайғасып отырып сөзін бастады.Мен 1жаста кезімде жүрек ауруымен анам қайтыс болған екен.Әкем қатты қиналған.Өмірден өткенінше әкем , менің анамның жақсы адам екенін айтып отыратын.Әкем жақсы, жуас кісі еді.Мен кішкентай болғаннан соң ағалары үйдің түтінін түтететін,жан керектігін,онымен қоса, маған қарайтын бір жан керектігін айтқансоң әкем екіншірет әйел алған екен.Мен кішкентай болғансоң көп нәрсе білмедім,бірақ есейген сайын кімнің жақсы кімнің жаман екенін біле бастадым.Әкем қара жұмысшы,ал өгей шешем мұғалім болатын.Әкем жұмысқа кеткен сайын өгей шешем маған қол көтеріп, ұрыса бастайтын.Өзі йығын кеңге салып ,әкем келгенше жатып,әкем келетін уақытта мені жуындырып, тамағын дайындап күтіп алатын.Мен үндемейтінмін, недегенімен есімді білгелі осы кісіні көріп өскенсоң  болар, өз анамдай жақсы көрдім.Өзімнің туған анамның бауырлары мені жақсы көріп емешегі үзіліп тұрғанымен, мен жақсы көре алмадым.Себебі,өгей шешем оларға қарсы қоятын.Осылай күнде күнім жылаумен өтседе, әкеме ләм деп жақ ашпадым.Кейін өгей шешем еті үйренейін дедіме әкемнің көзінше ұрысуды шығарды.Әкем басында өгей шешеме дауыс көтеретін еді, кейінгі уақыттарда олда үндемейтін болыпты.Сөйтсем өгей шешем әкеме, мен оны тәрбиелеймін,олай жасамасаң қыз емеспа, бірдеңе болса нестейсің ?деп әкемнің құлақ етін жепті.Бұны кейін өгей шешемнің сіңілісі байқаусызда айтып қалғанда түсіндім.Өгей шешемді ешкім ұнатпайтын.Бұл қылықтарын барлығы білетін.Әкеме бұл туралы жұрт айтса жұмысың болмасын,тәрбиелеп жатыр ,деп шаң жуытпайтын.Өгей шешем бала көтермеді, мен үйдің жалғыз қызы болып өстім.Осының бәрі әкеме ауыр тидіме, кейінгі кезде ащы суды жиі ұрыттайтын болыпты.Үйден береке қаша бастады.Мен  мектепті бітіріп  мұғалімдік оқуына түстім.Үйгеде барғым келмеді.Жасым  20ға келіп,оқуды бітіруге таяп қалдым.Ол кезде өзімнен 4-5 жас үлкен жігітпен жүретін едім.Сол жігіт мен оқу бітіре сала үйленейік деп, ұсыныс жасады.Мен нестерімді білмедім жас едім.Егер оқу бітсе ауылда жұмыс жасауыма тура келеді,оның үстіне өгей шешем бар дегендей.Тұрмысқа шығар болсам жаспын дедім. Жаман болсада шешемғой деп, өгей анамнан ақыл сұрауға ауылға қайттым.Менде ақыл сұрайтын адамды тауыппын, бұны ести сала өгей шешем қуана кетті,бірақ әкеме айтқанда қарсы болып сол жерде көзінен жасты көрдім.Әкемнің жылағанын көріп мен қатты қиналдым.Бірақ өгей шешем түні бойы әкемді көндіріпті.Ертесі тұрғанымда әкем бетіме қарамастан өзің біл қызым деді да, шығып кетті.Бұл сөзді  естігенде е қуанарымды е жыларымды білмедім.Мен сол кезде өгей шешемніің қандай пасық адам екенін түсіне бастадым.Ұзатылу күніммен,той болатын күн белгіленді.Менің жақсы араласатын құрбым болатын, сол қыз маған ұзатуымда көп көмек берді.Ол менің ерте тұрмыс құратыныма қатты қиналды.Осылай той болғанынан болатысы қызық, деп ұзатуда,үлкен тойда өтіп кетті.Жақсы енем,қасымда жарым,сүйер болар досым болды.Мен қатты қуандым.Бірақ бір күні өгей шешем қасыңда күліп жүрген құрбың ,киеуіңді тартып алмасын деп от салды.Бұл сөзге мән бермесемде көңілімде күтік қалды.Құрбым  киеуіммен жақсы араласатын.Кейінгі кезде өзімнен өзім киеуімді қызғанып жүрдім.Құрбым  жиі үйге келетін, келген сайын мен жақтырмадым.Бір күні шайтан түрттіме досымның намысына тиетін сөздер айттым.Бұны естіген құрбым.

-Әркімтікі өзіне ай көрінер көзіне -деп бірталай сөз айтты да, сөз соңында мені жақсы көретінімді айтып, үйден кетіп қалды.Мен басында дұрыс жасадым деп, ойладым кейін қатты өкіндім.Бұл менің ақымақтығым болды деп, күнде өзімді жазғырдым.Кешірім сұрайын деп ойлап үйіне бірнеше рет барғаныммен, үйінде болмайтын.Солай өгей шешем ең жақынымның бірінен айырды.Кейін өгей шешем үйге келе бермеуді өтінді.Мен жат жұрттық болғаннан соң, бұл іскеде көндіктім.Осылай әкемненде айырды десемде болады-, деп көз жасын сүртіп қарт әже сөзін аяқтады.Мен ол кісіден:

-Сіз одан кейін құрбыңызбен кездестіңізбе?- деп сұрадым.Ол кісі бетіме қарап сәл жымиып.

-Я,4 жылдансоң жүздестік.Мен одан кешірім сұрадым.Ал,ол болса арада болған ұрысты ұмытып та кетіпті-,деп әже күлдіде қойды.

Осы әжейдің әңгімесінің арқасында ауылға қалай жеткенімізді байқамай қалдық.Қарт кісінің сөзінен ой түйгенім “ анамен жақсы адамдардың қадірін ертерек білгеніміз жөн,әйтпесе кейін өкініп опық жиміз”.....



Бөлісу: