Өзіңді-өзің бағалау! (САМООЦЕНКА)

Өзіңді-өзің бағалау! (САМООЦЕНКА)
жеке
блог

Қазір не көп, психолог пен блогер көп. Айтатын басты сөз "САМООЦЕНКА". Осы сөзді толықтай не мағына беретінін түсінбеуші едім. Кейін оқып, жұмыс істеп түсіне бастадық. 

Ең жақсыны, ең тәттіні қонаққа оқып, қонақжай халықпызғой. Тиіс пе қонаққа, қонақ келсін, содан кейін- деп өстік. 

Әрине қонақ келсе құт келеді дейді. Қонақ күткенді жақсы көремін. Бірақ ең жақсыны бірінші өзім көруді әдетке айналдырдым.

Мен қалай өзгере бастадым? Және оны неден бастадым? 

Мені кітап өзгертті десем қателеспеймін.

Екіншіден, сол блогерлер өмірі. Әлеуметтік желіде тек әдемі өмірлерін көрсету арқылы, еліктеу, қызығу пайда бола бастады. Әсіресе, таңғы ас! Оны ішіп отқан кездегі ыдыстары. Ыдысқа қатты қызығушы едім. 

Жұмысқа кіріп, табыс кіре бастағалы әдемі ыдыс алдым, екі-ақ адамға арналсада, мейлі. Ағам екеуіміз ғана тұрамызғой дедім. 

Таңертең тұрғанда, 1 шай қасық бал, бір стакан су ішу әдетке айналды. 

Жаңадан ұнтақталған кофені бабына келтіріп қайнатқандағы бүкіл үйге тараған аңқыған иісті сөзбен айтып жеткізе алмаймын. 

Әдемі ыдысқа дайындалған таңғы ас. Міне, осының бәрі көңілге жағымды әсер етеді. Бірден көтеріңкі көңіл-күйді қолмен жасап аламын. 

Әрине осылай басталған таңда, күн сәтті өтеді. 

Менің басты қағидам дұрыс тамақтану, және сырттан емес үйден ішу! Кейде әрине сырттан да ішемін, бірақ оны да дұрыс таңдай білу қажет! 

Келесі менің қағидам, үй бөлмесіндегі гүлдер, олда адамға жақсы жағынан әсер етеді. 

Міне, өз-өзімді жақсы көру осылай басталған еді. Және де өмірім жақсы жағынан өзгере бастағанын байқадым. Бұдан әрі де жоғары деңдейде өзгеретініне сенімім мол! 

Жетістікке жету жолдары: 

Әлемдік статистика бойынша, әдемі адамдар жетістікке тез жетеді екен! Сол себепті, әдемілік бетте, емес жүректе дей бермей, сырт келбетке мән беріп, әдемі киім мен тазалықты бірінші қою керек!

Мақсат қою, мақсат қойып қана отырмай, армандап, қиялдамай әрекет жасау! Бәрі бірден ешқашан болмайды, ол арманның орындалуына жылдар кетуі мүмкін! 

Бастаған істі аяқтау! 

Билікте, мансапта, мақсатта қалады денсаулық болмаса! Денсаулығыңызды күтіңіз! Ауру АСТАН! Дұрыс тамақтаныңыз! 

Және де шынайы жақсы көру, осы әлемді, адамды, табиғатты. Ешкімге кек сақтамау! Күліңіз, өмір сізге күледі!   

Адал болу, басты қағида!

Өтірік, өсек, жалғаннан құралған өмір, қарыз болу міне адамды тоздыратын,аздыратын, сый-құрметін кетіретін! 

Әр адам бахытты, бай-дәулетті болуға лайықты! 

Өміріңіз Алладан кейінгі өз қолыңызда! 

Осы жерде бір әңгіме есіме түсіп отыр: баяғыда бір көріпкел, балгер болыпты. Елдің бәрі алдына барып, жәрдем сұрайды екен. Сол аймаққа аты таңылған екен. Және де оны көре алмайтын бір адам болыпты. Бір күні " мен бұнын абыройын айрандай етейін деп, бір көбелекті ұстап алып, қолына қысып сұраймын, мына көбелек тіріме, әлде өлі ме? - деп. Керемет көріпкел болса айтсын. Өлі десе, ұшырып жіберемін. Тірі десе уысымда қыса саламын" - депті. Келіпті де бүкіл елдің алдында сұрапты, сонда көріпкел: БӘРІ ӨЗ ҚОЛЫҢДА! деген екен. 

Құрметті оқырман, бәрі өз қолыңызда!