Өміріңде кездеседі сан сынақ

  Түп  шетіне  жету үшін арманның,

Шынжыр  болып  сен де  соған  жалғандың.

«Істеймін»-деп ойға алған барыңды

Тағы  күйдің, опық  жедің, алдандың.

Құлап  тұрып  қою қайда  қол  сілтеп,

Жығылдың  да,жылай  жүре  тұрдың  кеп.

Баса  білдің  әр  қадамды  адымдап

Қиналсаң да «қайғыру  жоқ,көндім» деп.

Бұрылмадың  бас бұрмадың артыңа

Қарамадың  жалқы менен  жалпына.

Біле тұра  білмегендей  көз  жұмдың

Енді келді жайлап бәрі қалпына.

Игі іске,ізгі  жолға  құнықтың,

Таңдап  іштің  мөлдірінен  тұнықтың.

Тәлімге де тәрбиеге  мән  беріп

Талай  жайдан,талай  жаннан сыр  ұқтың.

Қуанасың  шүкір  қылып  күніңе,

Кетіп  едің  сол  кездері  түңіле.

Жете  аласың  егер  мұны  білсең  сен

Құлап  жатып, қайта  тұрып жүгіре.

Өміріңде  кездеседі  сан  сынақ

Мән  берме  де,бола білгін  шамшырақ.

Бас-аяғы  білінбес  бұл  фәниде

Тұрсаң  екен  жұлдыз  болып  жарқырап.



Бөлісу: