Сіз өзіңізге бақыт тілейсіз бе?

Сіз өзіңізге бақыт тілейсіз бе?
жеке
блог

Жауап беруге асықпаңыз. Қазір мен сіздерге бірнеше сұрақтар немесе жұмбақтар қоя бастаймын, ал сіз ойыңызша осы сұрақтарға қысқаша жауап беріп отырыңыз.

Сонымен №1 жұмбақ: біреумен қатты ұрсысқанын, ренжігенін ойында қайта - қайта қайталай беретін адам өзіне бақыт тілейді ме?

№2 жұмбақ: өмірінде болған сәтсіздіктерді, ұялып қалған сәттерін, қолдана алмай жіберіп алған мүмкіндіктерін ойлап өз – өзін кінәлайды. Жете алмаған биіктері үшін, өзінің биік армандарының ешқандай орнынан қозғалмағаны үшін өзін – өзі іштей жей бастайды. Мұндай адам өзіне бақыт тілейді ме?

№3 жұмбақ: Егер адам жақын адамынан немесе сүйіктісінен айырылғанын, тіпті бағалы бір затын жоғалтқаны үшін қайғырып, үнемі ойлап жүрсе, мұндай адам өзіне бақыт тілейді ме?

Сіз білесіз ғой адам жыланның шаққанынан емес, оның денесінде ұзақ уақыт сақталатын уынан өледі. Сонымен жауап, кез келген сіздің ең ауыр эмоцияларыңызды тудыратын оқиға ол шағу, ол – орны толмас зиян келтірмейді. Ең үлкен қауіп келтіретін сіздің ол туралы ұзақ уақыт ойлап, миыңызда сақтауыңыз.

Егер сіз өзіңізге шынында да бақыт тілесеңіз, удың, өткен ауыр ойларыңыздың, өкпе – ренішіңіздің шағып болғаннан кейін де ағзаңызда ұзақ уақыт сақталуына жол бермеңіз. Өзіңізге жәй ғана бақыт тілеңіз.

Ал сіз өзіңізге бақыт тілейсіз бе?