Өмір сыны

Қызығамын ұнатамын,

Биік таудың шыңдарын.

Өтсем екен өмірдің,

Қатаң демей сындарын.

Қайрат керек шынында,

Жеңуге болса ұмтылыс.

Жеңіс керек болса егер,

Жатпау керек тымтырыс.

Ізден,оқы талаптан,

Шыңға шыққын өрлегін.

Азабын көріп өмірдің,

Ұзақ жолда шөлдегін

Сонда болар тәтті нан.

Өмірде мына іздеген,

Бірге келмес мезгілде,

Жаз бенен сары күз деген.

 

 

Болмашы  дәулет,атаққа,

Алдануға болмас өмірде.

Титтей де болса ауыр сөз,

Қалып қалар көңілде.

Тұрмас байлық қолыңда,

Сыйлас барша бауырмен.

Қайғы-мұңға езілме.

Тұрмас өмір орнында,

Ақылың болса басыңда.

Болмашыға жасыма.

Құдай қолдап өзіңді,

Басыңа бақыт орнасын.

Қай жерлерде жүрсеңде,

Әуелі құдай қолдасын.



Бөлісу: