Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Өмірдің 5 шындығы

Өмірдің 5 шындығы

Өмірдің 5 шындығы

 1.Сіз адамды өзгерте алмайсыз.Тек белгілі бір дәрежеде оған әсер етуіңіз мүмкін, бірақ оны толықтай өзгерте алмайсыз.Тауға қарап қанша айқайласаң да, ол тас болмайды, яки тасқа қарап қанша айқайласаң да, ол тау болмайды. Сол сияқты басқа адамға қанша жерден ақыл айтып, өзгертуге тырысқанымен, ол бәрібір өзінің сана шеңберінен асып кетпейді.

2.Барлығының көңілінен шыға алмайсыз.Әлемде қанша адам өмір сүрсе, сонша ой-пікір,талғам мен талас бар.Сіздің өмір салтыңыз біреуге ұнағанымен, екінші біреудің көңілінен шықпауы мүмкін.Қанша жерден жақсылық жаршысы болып, дұрыс жолды тізгіндегенімен, сол жолда сізді қабуға дайын төбеттер, сынауға дайын төрешілер табылады.

3.Ешкімнің ешкімге өткізіп қойғаны жоқ.Біз өмірге ешнәрсесіз келдік, ешнәрсесіз өтеміз.Дүние есігін ашпай тұрып «талап пен көмек» келісімшартына қол қойған жоқпыз.Адамның күні-адаммен,  жақсылық жасап, қол ұшын беру-сауапты іс.Бірақ  көмек сұрау мен талап ету-екі түрлі нәрсе, көмек сұрауға болады,алайда «ата-бабасынан бері  өтісі бардай» міндет қылу дұрыс емес.

4.Адам тек іспен сыналады.Сөз жүзінде қанша керемет болсаңыз да, басты акцент сіздің әрекетіңізге қойылады.Ауызбен қатыру жағына келгенде бәрі де ұста, бірақ іс жүзінде санаулы адам ғана сөзінің нәтижесін көрсете алады.Сөзіңіздің майын тамызып, шебер тіл мен шешен сөзге жетік болсаңыз да, шыққан сөз бен жасалған әрекетте еш сәйкестік болмаса, көпірме сөздің құны-көк тиын.

5.Өміріңіздің күзетшісі-өзіңіз.Өмірді үйге теңейтін болсақ, сол үйге кірушілерді қадағалайтын да, іштегілерді қуатын да-сіз.Есікті ашып кім көрінгенді өміріңізге кіргізіп, іштегі құнды дүниелермен таныстырып,тіпті кілтке дейін беріп, хаосқа айналдыруға жол беретін де тағы өзіңіз, басқа ешкім емес.Біреу мойныңызға мінсе, кінәні одан емес, өзіңізден іздеңіз.Өйткені сіз қатты еңкейіп мойныңыздың төрінен орын бермесеңіз, ешкім де оған жайғаса алмайды.

4
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 09 қыркүйек, 15:57
Тегтер: өмір, шындық, ақиқат, сана, сезім, адам
Пікірлер
+0
10 қыркүйек, 10:09

Сіздің жазбаларыңызды сағынып қалдық қой, Айдана..)

+0
11 қыркүйек, 21:59

Жиірек жазуға тырысамын)))))))))

+0
11 қыркүйек, 12:58

Өмірдің 6-шы шындығы: Айдананың блогтары күшті:)

+0
11 қыркүйек, 21:59

Рақмеет)))))))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.