Ярослава Шведова «Australian Open» турнирін аяқтады

О Сансызбай Корреспондент
Ярослава Шведова «Australian Open» турнирін аяқтады

Ярослава Шведова «Australian Open» халықаралық турнирін аяқтады. Отандасымыз үшінші айналымда қытайлық Пэн Шуайға есе жіберіп алды.

БӨЛІСУ

Бұл күндері «Үлкен дулыға» санатына жататын Австралияның ашық біріншілігі («Australian Open») өтуде. Халықаралық дода – теннисшілер арасындағы ең белді де беделді жарыстардың бірі болып есептеледі. Сонымен қатар жүлделік қоры да мол қаржыны құрайтыны белгілі.

«Жасыл құрлықта» өтіп жатқан жарыстың үшінші кезеңіне екі теннисшіміз шыққан-ды. Бірі – Зарина Диас болса, екіншісі – Ярослава Шведова болатын. Бірақ, соңғысы осы кезеңнен аса алмады. Ал еліміздің бірінші ракеткасы санаулы сағаттардан кейін әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Мария Шараповамен кездесетін болады.

Ярослава Шведова үшінші кезеңде WTA рейтингінде 21-ші орынға орналасқан Пэн Шуайдан ұтылып қалды. Қорытынды есеп 7:6 (9:7), 6:3 нәтижелерімен «аспан асты елінің» намысын қорғаған спортшы пайдасына шешілді.

Айта кетейік, Зарина Диас пен Мария Шарапова арасындағы үшінші айналымдағы кездесу Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады. Отандасымызға сәттілік тілейміз!

Сурет: pixgood.com