Ата-ананы қазіргі таңда бағалап жүрміз бе?

Ата-ананы қазіргі таңда бағалап жүрміз бе?
жеке
блог

Ата-ана дегенде жүрегіміз елжіреп қоя береді емес пе? Əйтседе күні бүгін ата-ананы қадірлей білетін, олардың қадір-қасиетін түсініп, бағалай білетін жастарымыз саусақпен санарлық. Бұлай деп отырған себебім, қазіргі заманда небір адамдарды байқайсың. Өз ата-анасын дала қаңғыртып не болмаса қарттар үйіне өткізіп жатқан жастар көбейіп жатыр. Тіптен теледидарды қосып қойсаң ұрлық жасап жатқан жас жігіттердің өзі қарт-қарияларды тонап қана қоймай, оларды өлтіріп те жатады. Ойлап қараңыздаршы, сондағы олардың алып жатқан несиелерінің (пенсия) өзі де оларға жетер-жетпес. Қазіргі таңда дəрі-дәрмектің, азық-түліктің бағалары да қымбаттап жатыр. Ұрлық түбі-қорлық демей ме? Əйтседе ешкімді кінəлағым келмейді. Ең бастысы "Балам қайда жүр екен, қашан келеді екен"-деп сары уайымға салынып отыратын ата-аналарымыз аман болсыншы! Сол себепті де, ешбір уақытты бос жібермей, ата-анамызды барынша бақытты қылуға тырысайық. Себебі, ата-анаңа не істесең, алдыңа сол келеді. Тоғыз ай сені құрсағында көтеріп, түн ұйқысын төрт бөлген ата-анаңның қадірін, балалы болғанда білерсің деген рас та шығар...