Әңгіме

Әңгіме
жеке
блог

Бейіт басында.
(болған оқиға ізімен)

Осыдан 2 жыл бұрын інішек шаңырақ көтеріп тойға тарыдай шашылған алыстағы туыс - туғандар жиналып бас қосып қуанып қалдық. Қазақтың көпшілігімен тойды да өткізіп бір жасадық. Өзі кәзір жырақта жүрген ағайындар тойға, болмаса өлікке ғана келеді емес пе?! Бәрінің тұрмыс тіршілігі бар дегендей зулаған өмірде уақытта тапшы.
Тойдан кейін Көкшетаудан келген үлкен жеңгеміз ( былай шешеміз ғой енді) келген сайын шалының басына яғни әкеміздің ағасы соның басына барып құран бағыштап көз қарасын көрсетіп жасын төгіп кететіні заңдылық болып кеткен. Сол заңдылыққа уақытты да сайлап бауырларыммен бейіт басына апарып келу міндеті әтеттегідей бізге жүктелген. Бұл да бір заңдылық.
Осы жолы да дәл солай баратын болып Тараздан келген жеңгеміз тағы бар інімнің жеңіл көлігімен жолға шықтық.
Қаланың шетіндегі қорым кәдімгі үлкен шаһарға айналған. Ішіне кірсең өзі кәдімгі көше - көшеге бөлініп жік араласқан. Көп келе бермейтін кісі болса жоғалып кетуіде ғажап емес.
Қорымның сыртына келіп тоқтап әдетке басып әруақтарға Фатиха мен Ықылас сүресін оқып барша жатқан әруаққа бағыштадық.
Қорым басында жатқан марқұм ағайындар да бір жерде емес әр жерде жатыр жарықтықтар. Шеттен бастап әрбіріне арнайы барып құран бағыштадық.
Тараздан келген жеңгеміз :
- Бұл жалғанда енді қашан келетінімізді Құдай білсін , үлкен атамызға соға кетейік - деді. Әрине деп бізде қоштай кеттік. Атамыздың бейіті орта кезде, жаяу жүрудің өзі әжептәуір уақыт алатын болғансоң мәшинемен ақырын жүріп отырдық. Бір бейіттің жанынан өте бергенде інім маған :
- Мынау досым Жанболаттың бейіті, оған келіп жүрген ешкімде жоқ, келмегелі біраз болды, арнайы достармен бір келерміз -деп өте кетті.
Баяу мәшиненің жүрісімен жүріп келе бір бұрылыста дөңгелек бір нәрсеге тірелгендей болып тоқтады. Інім газды басып - басып көріп еді, болмады. Көзіміз бақырайып күздің ыстық күнінде балшыққа батқандай бір- бірімізге қарастық. Содан не керек мәшинеден бәріміз шығып қарасақ дөңгелек бір ойпаңдау жерге кіргендей болыпты. Дереу інім мәшинеге отыра кетіп біз демеп итердік. Итергенде сол мен екі жеңгем бір апамыз бар , олар әйтеуір қарап тұрмайық дегені ғой. Менің жалғыз өзімнің күшеніп итергеннен пайда болмады. Үстіміз шаң- шаң күні бойы бақшада жұмыс істеген адамдай шыға келдік. Жеңге апалардың басына тартқан орамалдары бір жағына қисайып шешілер шешілмеске шамалы қалған олар тұр. Газды баса бергеннен бір жақ дөңгелек топыраққа қазыла кіріпті. Көліктің ортаңғы белдемесі жерге тіреліп ол қалды. Енді бұған басқа бір көліктің демеуімен шықпасы анық болды.
Шара бар ма ?! Зуылдап мәшине өтіп жатқан жол емес. Мен апайларды алып жаяу атамыздың басына барып келетін болып, інім жақын арада көлік өте қалса деген оймен сол жерде қалатын болды. Шапшаң басып біз кете бардық. Жаяу біраз уақыт алады, бірақ бұйырғаны сол. Атамның басына жете бергенде алдымыздан 4- 5 отыздар шамасындағы жігіттер шыға қалмасы бар ма . Іштей тілеп келе жатқаным да сол еді, атамды көргендей қуана кеттім.
Олармен амандық сұрасып, кәбір қазып жүргендер екен. Жағдайды түсіндіре кеттім. Ондай жерде кім көмектеспесін. Алға түс кеттік деп жігіттер жайдарын білдірді. Қасымдағы апайларды кәзір келеміз деп сол тұрған жерде тастап, кете бардық. Бұрыш - бұрыш, бір - біріне жақын салынған бейтір арасымен өтіп бір көшеге түсіп алып келеміз .
Сіздерге өтірік маған шын белшесі жерге тиіп, жартылай дөңгелегі топырақтан көрінбей жатқан мәшинеміз алдымыздан шыға келді.
Бұл қалай деп атамды көргендей және қуана кеттім. Жігіттерге рахметімді айтып, саулық тілеп қоштастық.
Жылдам көлікке отыра кетіп, күтіп тұрған апайларға барып, атамызға құран бағыштап кеттік.
Қорымнан шыға келе қалай шықтың деп сұрай жөнелдім. Ойым басқа бір көлік табыла кеткен болар деп болжап қойғанмын.
Інім мәшинесін жүргізе келе:
- Сіздер кеткесін, жан- жақа қарап мәшине қарап сандалдым, жүре келе арнайы сосын келем деген Жанболат досымның басына да келіп қалыппын, отыра кетіп оған арнайы құран бағыштап өткен кеткенді еске алып отырып қалдым. Содан қайта айналып мәшиненің жанында ойланып отыр едім, әй осы бір тағы бір көрейінші деп газды басыңқырап көрдім, көлік ырғалып сырғалып бағанағындай емес қозғағала түсті, көліктен бір түсіп бір кіріп газды басыңқырап қалай шығып кеткенімді өзім түсінбей қалдым - деп тұнжыра бізге қарады.
- Жанболаттың басына келе беретін бауыры да жоқ, әкесі келе ме келмей ме белгісіз. Негізі сол Жанболатымның әруағы жібергісі келмеді- ау - деп ойын түйіндеді.
- О тоба деп жеңгелерім аң- таң.
Әкемнің баяғыда " өлі риза болмай тірі байымайды" деп айтатыны есіме түсіп мен қалдым.
Міне ағайын бауырлар бастан өткен бір жағдай осындай болды. Ата бабамыз әрдайым әруаққа құран бағыштап құрметтегені жәй нәрсе емес. Лажы болса уақыт тапшылығына қарамай әруаққа құран бағыштап жүрейік. Одан біздің еш жеріміз кем болмас !!!