Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Уақытты қалай бағындыруға болады?

Уақытты қалай бағындыруға болады?

Уақытты қалай бағындыруға болады?

   Алғаш механикалық сағаттар Еуропада б.з.д 1300 жылы пайда болыпты, олар таразы мен серіппелер көмегімен жұмыс жасапты. Ол затта көрсеткі болмаған, белгілі уақыт өткенін музыка дауысымен білетін болған. Ал одан бұрын адамдар күн сағаттарын қолданған. Яғни, XIIІ-XV ғасырларда Египет жерінде, "күн сағаты" пайда болған. Нақтырақ айтқанда, жазық жерге үлкендеу таяқ орнатып қойған, күн атқанда күннің сәулесі сол таяққа түсіп, оның көлеңкесі уақытты көрсететін болған.

     Жалпы уақыт деген сөзді қалай түсінесіз?

Уақыттың құны сіз үшін немен өлшенеді?

Уақытты бағындыруға болады ма?

Сіз уақытқа бағынасыз ба, әлде уақыт сізге бағынады ма?

     Уақыт керуеніне бөгет жоқ. Адамды оздыратын да, тоздыратын да уақыттың қатаң қысымы. Бабамның жанын жегідей жеген қиыншылықтан өтіп, тәуелсіз дербестігімізді көрсетпей жанын көрге сүйреп кеткен аяусыз уақытпен, шарасыз қарттық болар. Қала берсе өкімет, соғыс, жан кешті ауру. Бірақ, бұл қазір басқа тарих. Уақыт тас кеш тастыды тоздырады.

       Балалық шақта, уақыттың қадірін, хәм сол сәттің қадірін білмейміз. Яки, ертерек өсіп кетсек деп арман қыламыз! Ұлы дала үнін шерткен Қорқыт! Өлімнен жыннан қашардай қорқа тұғын, уақытқа бөгет болатын, ар-ожданнан безердей мәңгілік өмір іздеді. Есерде соғар, мың қайтарса адам ойына келмей тұғын мәңгілік өмірді әлі күнге аңсамаған жан барма?!

   

    Уақыттың бос өткені-өмірдің бос өткені! Қалай ойлайсыз адам уақытты бағындыра алады ма?

1.Өзіне пайда алып келуіне?

2.Иман жиюға?

3.Білім жинауға?

4.Өнер жиюға?

5. Дүние жиюға?

6.Дос-жаран жиюға?

Әрине, бұның бәрі керек және о заманнан айқын заттар. Бірақ, қайсысы өмірде нақты өткір, маңыздырақ? Бәлкім, біреуге жастық жастың жалынды күндеріндегі ,айқын әрі жарқын уақыттар. Күнделікті, көңіл-көтеру мен"жастық шақта лаулап жанып қал" деген ұстанымды ала қашар. Біреулер, өмірге ғылым-білім, яки өнер маңызды. Бір пенделер иман жолына түсіп, өмірдің мәнін Аллаға құлшылық деп табады.Жұртым бәлкім бұл өмірдегі уақытты  дүние-мал жинауға жаратып, сол күйі оған қанықпай өтер. "Дос-жаранды дүниең болса көптеу табарсың. Дүниең жоқ болса, нағыз адалын табарсың" 

сонымен , уақытты неге арнау керек бұл жалған, бір сәттік ғұмырда?

Уақыт тас екеш тастыда тоздырады. Сондықтан, мына зулаған заманда, уақыттық құны алтын түгіл, баға жетпес асыл тас.Уақытты бағындыру үшін не істеу керек, бастысы бос өткізбеу, күнделікті күнтізбе құру аз. Жас бол не кәрі бол, уақыттың құны ауыр. 

  Көп адамдардан "уақытым жоқ" "жұмыс көп" "уақыт ештеңкеге жетпейді, шаршадым" т.с.с сөздерді естіп жаның ашиды, өткені олар уақытқа жұмыс жасайды, оны бағындыра алмайды.

   Бос өткізбеу үшін:

1.Ең алдымен уақыт-өмір. Бір күндік уақыттың күнтізбесін құрмай тұрып. Өміріңізге жоспар құрыңыз. Әрине, адам өзімен ертеңгі күні не боларын, қайда барып,  қайда тұрақтайтынын дөп басып білмейді. Бірақ, жазық даладағы қаңбақтай, жел қай-жаққа соғады, сол бағытпен ұйытқыған адамның өмірі, мәнсіз және мағынасыз болмақ. Сондықтан, сіз алдымен өз өмір уақытыңызды жоспарлаңыз. "Мен өзімді алдығы 5-10 жылда кім көремін, білімім қандай, абыройым қаншалықты, Иманым қаншалықты берік болу керек, кім болып жұмыс атқарып, қанша табыс табамын, ұрпағыма не қалдырамын, әлемге қалай із қалдырамын, қандай адамдармен арласып, қандай адаммен өмірімді  байланыстырамын" және тағы сол сияқты нақты маңызы бар нәрселер. 

2.Күнделікті жоспар. Әр күн сайын жатарда немесе таң ертең, күніңізге нақты сағаттап, минуттап не істеп не қоярыңызды жоспарлаңыз. Оны міндетті түрде жазыңыз. Олай жасамасыңыз, күніңіз бос өтеді, көздеген нәтижеге белгілеген уақытта жете алмайсыз. "Мен жазбасамда, күнімді қалай өткізетінімді білемін", дейтіндерге сіз жоспар жасасаңыз, сіз сол жаспар арқылы қайда бартыныңызды білесіз. Басыңыз ауған жаққа, еріп кетпейсіз. осылай өзіңіздің жігеріңізді шыңдап, еріншектігіңізді жеңесіз!

3.Жақындарыңызға сыйлай алатын нәрсе ол уақыт, сондықтан, жақындарыңызбен бос уақытыңызды көбірек өткізіңіз. Ата-анаңызбен, өткені олар мәңгілік емес, олар жалғанын күнінен озып кетсе, көп жағдайда бірге өткізе алмаған сәттерді аңсайсыз. Оларға жылы сөз айтып, ыстық махаббатыңызды білдіріңіз, әйтпесе, тым кеш болып, қайтып келмес нәрсені аңсап, өмір бойы жегі құрттай жеп өтесіз өзіңізді. Және өзіңізге пайдасыз адамдармен жәй танысу, жәй тілдесу , уақытша қарым-қатынаспен уақыт өткізбеңіз. Өміріңізге әр-бірін таңдап кіргізіңіз. 

4.Ешқашан! Ерінбеңіз және ондай жағдайда ерінуге бой алдырсаңыз, есіңізге алда жетер армандарыңызбен, тамаша мүмкіндіктерді түсіріңіз. Сіз нағыз  шыңға жетер жансыз. Арман - еңбек пен құрбандарды талап етеді.

    Және бұл өмірде- ең бастысы Адал және пенде атауына Лайықты өмір сүріңіз. "Өмірге сіз келгенде жылап тудыңыз, бәрі қуанды. Өлерде бәрі жылып, сен күліп кетердей өмір сүру керек" Сәттілік Өміріңді жоспарла! Оған ұмтыл, сенде міндетті түрде бәрі орындалады, өйіткені сен ерекшесін, тек ерекше және еріншектік деген қасиеттен аулақ адам ғана, бұны соңына дейін оқып, жазбамнан от алып кетеді!

 НАЗАР САЛЫП ОҚЫҒАНЫҢА РАҚМЕТ! САҒАН СЕНЕМІН!

 

 

0
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 11 қаңтар 2018, 21:43

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.