Адам өмір құшағында...

Адам өмір құшағында...
жеке
блог

Өмір дегеніміз не ? Өміріміз жақсы болуы үшін не істеуіміз керек ? Өмірде жолы болған адамдардың тағдыры  себеп пе, әлде өмір адамдарға тек бақыт сыйлайды ма ? Ойымызды толғандырып, өмірді зерттегіміз келсе, ең алдымен "Өмір "атты ұғымды тереңінен түсінуіміз керек.Әр адам өз өмірінің басты кейіпкері.Оны қалай құраймын десе, ол өз қолында.Тек дұрыс шешім қабылдай білу қажет.Бірақ, маңдайымызға жазған тағдырымызды өзгерте аламыз ба, жоқ па, ол сұрақ мағанда белгісіз дүние.Шіркін, өмір тек жақсылықтардан ғана құралса екен.Мүмкін, сонда адамдар бұл жалған өмірде- бақытты өмірсүріп кетерме еді.Бірақ, бұл өмірді құраушы адамдар болғандықтан, өмірді мейірімге бөлейтінде адамдар емес пе ? Әркімнің өз жеке өмірі мен қатар тағдыры бар.

  Өмір -адамды бақытқа бөлейді, кейде басына сынақ есебінде қайғы-мұңды да береді.Менің ойлайтыным:Өмірге қатты сеніммен қарамаған жөн деп білемін.Себебі, мына жалған өмірде барлығыда бірде бар, бірде жоқ.Алайда, бұл өмірге деген үмітіңді үз деген сөз емес.Өмірдегі биік шыңдарды бағындырғың келсе, ең алдымен шыдамды, төзімді болу қажет.Сонымен қатар, айналаңды бақытқа кенелтетін, жақындарыңа өмірдің мәні -махаббат пен бақыт екенін түсіндірсең, сол сенің ең үлкен шыңды бағындырғаның.Өмірде көптеген күтпеген жағдай орын алып жатады.Кейбір адамдар ондай жайттарға шыдамай, өз өмірлерін құртумен қатар, жақындарының жанына жара салады.Ол адамның -әлсіздігі.Сен өзіңді өмірдің әрбір сынағына дайындауың қажет.

   Өмір-адамды қаншалықты шынайы болса, оны бақыт құшағына бөлеп, сенің бойыңа жұмақта жүргендей сезім ұялатады.Адамдар өз әлемін әсем өрнекпен құрғысы келеді.Бірақ, сол әсемделген өрнекке жету үшін алдыңда сан алуан жолдар кездеседі.Бірақ, сен өз жүрегіңнің үні мен санаңа құлақ асқаның дұрыс.Түзу жолмен жүріп, сол құрған өрнегіңнің енді бұзылмайтынына көз жеткізуің қажет.

  Өмір адамға ең асыл, құдіретті, кіршіксіз пәк сезім-махаббатты сыйлайды.Бұл өмірдегі ең ұлы сезім.Махаббат -адамды түсініксіз бір үлкен сезімге бөлеп, кімді болса да, бақытқа бөлейді.Махаббат бір тұтанса, оның сөнуі қиын.Ал егер соо лапылдаған отқа бір түссең, жаныңды жегідей жеп, жүрегіңнің үлкен бір бөлігін жаулап алады.Махаббат адамды қайғыдан құтқарса, сол қайғыға кейбіреуі душар болып жатады.Махаббат -түсініксіз, бірақ, таңғажайып бір әлем.Махаббат ең бастысы адалдық пен кіршіксіз пәк сезімді талап етеді.Махаббат -жүректен жүрекке жететін ұлы сезім.

  Егер сен өмірдің мәнін түсінгің келсе, кішкентай ғана жүрегіңді мейірімге толтырып, қысқа ғана ғұмырыңда өмірдегі өз басқан ізіңді үлкен жолға айналдырсаң, өмір құшағындағы бақытты адамдардың бірі болар едің.Өміріңді гүлдендіргің келсе, дәл қазіргі сәттен бастап, айналаңа жарық сәулеңді шашып, өміріңді жақсылықтармен гүлдендір!