Бүгін-365 беттік кітаптың бірінші беті ашылды
жеке
блог

Бүгін-365 беттік кітаптың бірінші беті ашылды

  Міне, 2018-дің бірінші күні де келді. «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» дегендей, расымен де келіп жеткен жылдан көп үміт күтейік. Ол үшін не істеу керек?

  Елестетіңіз, сіздің бір жылдық өміріңіз бір 365 беттік кітаптан тұрады. Сол кітаптың бірінші бетін тек жақсылықтан бастасақ ,барлық беті де сол жақсылықтың жалғасын табады. Өмірден қарапайым мысал алайық. Бір күні бір кітап оқыдыңыз делік,ол кітап сізге қатты ұнап қалды. Тек жақсы істерге негізделіп жасалған кітап болсын делік. Ол кітап біздің есімізде мәңгілікке қалады,әрдайым есімізге алып отырамыз солай емес пе?! Міне, дәл осы себепті де «Менің 2018-ші жылым» атты кітабыңыздың мәңгілік есте қалуы үшін(әрине,тек жақсылықтармен) бүгінгі бірінші бетін тек ізгі ниетпен бастайық!

                                                                          Назарларыңызға раxмет!

                                                                  Әр күндеріңіз бақытқа  толы болсын

                                                                           Дәрібекқызы Даяна :)