Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ол туралы... Мүмкін, мен...

Ол туралы... Мүмкін, мен...

Ол туралы... Мүмкін, мен...

Алтын күз... Сонда да көңілсіз... Ол туралы айтқым келеді. Мүмкін, мен... Ол жастығына қарамай болашағын көп ойлайды. Қатарластары тек ойын-күлкімен жүрсе, ол ой құшағында жүреді. Иə, өмірге позитивті қарайтын оптимист ару бүгініне шүкіршілік етсе, ертеңіне қатты алаңдайды. Ұлылардың бақытсыз тағдырлары мен баянсыз ғұмырлары, мəнсіз махаббаттары оны бейжай қалдырған емес. Себебі, ол өзін де болашақта Ұлылар арасынан көргісі келеді. Бойындағы ерекше дарыны мен қабілеті оны алып асуға апаратындай көрінеді. Бірақ... ол қорқады. Тəңір біреуге байлық берсе - отбасын бермейді, отбасын берсе - байлық жоқ, мансап берсе - уақыт жоқ, уақыт жоқ болса - бақыт жоқ. Солай... Шығармашылықтың шарықтау шегіне шықса, бақыттың биігінен алыстап кететін сияқты. Көрінген жігітті сүйіп қалмаса да, бір ұнатып, уақыт өте келе жалыға бастайды. Ал бірде мүлде басқа жанға айналып, талғамы жоғарылап кететіндей. Шын сүйе алмайтын сияқты ма, əлде шынында сүйгенін жолықтырмаған...

Шын сүйсе де, оның мойнында үлкен жүк бар. Ол - анасын жалғыз қалдырмау. Сонысына - "кəрі қыз" болып қалмаймын ба?" - деп алаңдайды. Бірде "Егер, мен əлемді мойындатқан Ұлы адам болсам, ғұмырым қысқа бола ма?" - дейді де, "Мейлі, болса болсын. Бастысы, менің отбасым, балаларым жəне соңымда өшпес атым болса," - дейді. Кейде: "Менің жеке өмірім бақытсыздыққа толы болмай ма?" - деп мұңаяды. Ол өзін кино саласының маманы ретінде елестететін. Бірақ əйгілі актрисалардың өздеріне қол салулары туралы жайттарды естіп, уайымға батады. Ақыры, əртіс болмайтын болды. Бірақ жазушылық дарынын қоя алмайды ғой. Оны іште қалдыруға болмайды. Жылайды, жылайды... тағы да жылайды. Алда өзін бақытты күндер күтетініне сенеді. Бірақ қорқады. "Мүмкін, сəтсіз отбасы... жо-жоқ, олай болмауы тиіс. Отбасы бұзылса, тек мен емес, зардабын балалар да тартады ғой... Ал балалар болмаса ше?" Осылай ойлайды да, өз ойынан өзі шошиды. Кейде өзіне "Мен кіммін?" - деп сұрақ қояды. (Иə, Марғұлан Ақан ағамыз сияқты) Əйтсе де, жауабын біле тұра, таппай келеді. Мүмкін, білгісі де келмейтін шығар.

Ол өзін бақытсыз санамайды. Ол шексіз бақыттылардың қатарында. Сол үшін де Тəңірге шексіз шүкір етеді. Бірақ, болашақ оны алаңдата береді. Мүмкін, қайтпас мінезі үшін де бірнəрсеге соқтығамын деп қорқатын шығар...

1458 3
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 09 қазан, 23:58
Пікірлер
+1
09 қазан, 16:54

Алда өзін бақытты күндер күтетініне сенімін жоғалтпасын тек..)

+0
10 қазан, 16:24

Сенеді, апай. Сенеді...))

+0
10 қазан, 19:57

жақсы блог,сәттілік тілеймін.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...