Менің орыс тілім
жеке
блог

Менің орыс тілім

Ауылда мектепті орысша оқыған мен үшін қалаға келіп қазақша түсіну, сөйлеу қиынға соқты. Түсінікті болу үшін басынан бастасам. 
2009-шы жылы ауылдағы мектептің 9-шы сыныбын бітірдім. Мен 9-шы сыныпты бітірген жылы апам 11 бітіріп университетке оқуға түскен. Екеумізді қатар оқытуға ата-анамның қаржысы жетпейтін. Менің 11 оқуыма тура келгенді. 
Жазғы демалыстың жартысын қаладағы жездемнің үйінде өткізетін едім. Сол жылы жездем өзім оқытамын деп, ауылдағы ата-анама қолқа салып, менде ауылдан кететініме қуанып қалаға келгем. Үш ай демалыста зу етіп өте шығып, көптен күткен оқу жылыда басталды. Мектепті орысша оқығасын, лицейдіде орысша оқығанды дұрыс деп шештім. Арада біраз күн өткенде жездем орыс тобынан қазақ тобына ауыссаңшы. Оқыған мамандығыңды үйренбесеңде қазақшаңды түзерсің деген. Өзімді патриот санап жүргесін бе? -қайтемін оны деп қазақ тобына ауыспадым. Расы қажет етпедім. Арада біраз жыл (сондағы үш жыл) өтті. Оқуды да тәмәмдадық. Диплом иесі атанып, жақсы деген бағамен бітірдім. Енді жұмыс керек. Қысқасы таныс қажет дегендей. Оқу бітірген алғашқы жылдары қазақ тілінен аса қатты қиналмасамда, кейін қазіргі жұмысыма кіргенде, қазақша неге оқымадым деп бармақ тістеп қалғаным бар. Қазақ тіліне шорқақтығымда қатты сезіліп тұрды. Есіме оқуға түскенде жездемнің айтқан, қазақша оқысаңшы дегені еріксіз еске түсе берді. Жалпы қазақша түсінемін. Бірақ емін-еркін әңгімелесе алмайтыныма қынжыламын. Ауылда оқушы күнімде қазақ тілінен сабақ беретін үш мұғалім бар еді, олардың өзі кейде бар, кейде сабақ мүлдем өтпейтін. Ұстаздың жоқтығынан қаншама ауыл баласы қазақша білмей өсіп келеді.

P.S. Қос тілдің орнын ауыстырып оқуларыңыз сұралады.