Мотивациялық көмек

Мотивациялық көмек
жеке
блог
Өмір ақылдыны ақымақ, ақымақты ақылды етеді. 
(с) Эмиль Фреш
 
 
Сен аспансың. Ал қалғаны ауа-райы. Мейлі дауыл, найзағай, жауын, қар ол бәрібір аспан болып қала береді. Бірқалыптылықты сақтай біл.
(с) Пема Чодрон
 
 
Мен негізі "адамдардың тек жақсы жақтарын көруге тырысамын, ал жаман екендерін олар өздері айқындап береді" деген ұстанымда жүргем. Бірақ, өмір мені өзгертті. Ендігіде жақсы жақтарын дәлелдемейінше, адамдардың бәрін бірдей жаманға балайтын боламын.
 
 
 
Неғұрлым аз білсең, өміріңде соғұрлым тәлтіректеу көп болады. Яғни, көп қорқасың. Әр қадамыңды үреймен басасың. Көп білмеу керек, көп түсіну керек.
 
 
 
- Мен сенің жүрегіңді жұлып алып, отқа ораймын.
- Көптеген зерттеулер көрсеткен нәтижелер бойынша менде жүрек жоқ екені анықталған.
 к/ф "Sherlock
 
 
 
Тәңір бізге сынақ ретінде және біздің жақсы жаққа өзгеруіміз үшін әдейі қиыншылық береді, ал біз өзгеруден қорқып, Тәңірге "көмектес" деп жалбарынамыз. Аздап логика керек сияқты мына жерде.
 
 
 
Жиыла алмай, сыйымдылыққа сыймай тыйылған қияли һәм зиян сезім. [Махаббат]
 
 
 
Өмірін өзгерткісі келмейтін адамға көмектесудің қажеті жоқ.
(с) Гиппократ
 
 
 
- Адамға адам керек.
 (с) "Түкке тұрғысыз сөздер" атты кітаптың екінші томынан алынған. 1876 жыл.
 
 
 
— Бір жағынан жалғыздықта қалғым келмейді, бір жағынан қоғаммен де біріккім келмейді. Дегенмен, жалғыздыққа шыдауға болады. Ал екіншісі мүмкін емес.
 к/ф "Mr. Robot"
 
 
 
Біз адамның бойынан тек екі нәрсені көре аламыз: өзіміз көргіміз келгенді және оның көрсеткісі келгенін. Қалғаны жұмбақ.
 
 
 
Егер ұнатқан ісіңізге тым беріліп кетсеңіз, тіпті ақырзаманды да өткізіп алуыңыз мүмкін.
(с) Макс Фрай
 
 
 
сенің ішіңде ең құрығанда гүлденген бір бұтақ қалса, оған міндетті түрде бұлбұл қонады.
 
 
 
Құрастырудың ең оңай жолы - елестету.
 
 
 
Үнсіздігіңді түсінбеген адамның, сөздеріңді түсінуі екіталай.
 
 
 
Шуылы көп заманда туылу бұйырыпты,
Сезім де, дін де, ақыл да сұйылыпты.
 
 
 
Кіммен көп сөйлессең, соған ұқсай бастайсың.
 
 
 
Не үшін туылғаныңды түсінген сәттен бастап уақытты жоюға уақытың болмайды.
(с) Робин Шарма
 
 
 
Адамға баға бергенде үш қасиетіне назар аударыңыз: ұқыптылық, ақыл деңгейі және энергияға толы көңілі. Егер біріншісі болмаса, соңғы екеуі сізге зиян беретініне сенімді болыңыз.
(с) Уоррен Баффет
 
 
 
Әр пост мидағы астарлы ойлармен жасалған ым.