Facebook ғаламшардың 15%-ын интернетпен қамтамасыз етеді

Facebook ғаламшардың 15%-ын интернетпен қамтамасыз етеді

Facebook ғаламшардың 15%-ын, яғни Латын Америкасы, Африка және Азияның 21 мемлекетін интернет желісіне кіргізуді жоспарлауда. Осы мақсатын орындау үшін әлеуметтік желі аспанға жерден 18-30 киллометр қашықтықта ұшатын ұшқышсыз дрондарды жібереді.

Facebook Internet.org орталығымен бірігіп интернетке кіру қиындықтарына тап болып отырған мемлекеттерді желімен қамтамасыз ету үшін кез келген климатқа төзімді дрон ойлап тапқан. Алғашқы нұсқасы 2015 жылы тестілеуден өтеді. «Connectivity Lab» әлеуметтік желісі директоры Яэля Магуайрдың айтуынша, көлемі «Боинг-747» ұшағымен бірдей болатын дрон жеңіл дизайнымен ерекшеленеді және аспанда 1 айдан 1 жылға дейін қалықтап тұра алады. Айта кетсек, бүгінгі таңда жасалған дрондар бар болғаны аспанда небары 2 апта ғана тұрады. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: buro247.ru

Қ. Бүйенбай