Семейде Алаштың соңғы тұяғына көше атауын берді

Семейде Алаштың соңғы тұяғына көше атауын берді
жеке
блог

Биыл Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясында Қайым Мұхамедхановқа көше беру мәселесі халық қалаулыларынан қолдау тапты, Семейден қазақтың Қайымына көше бұйырды. Интернационал көшесі енді «Қайым Мұхамедханов көшесі» деп аталады.

Бүгін 31 мамыр саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында Семей шаһарының көне басылымы «Семей таңы» газеті ғимараты алдында, Алаштың соңғы тұяғы, ғалым Қайым Мұхамедхановқа салтанатты түрде көше атауы берілді.

Атауы өзгерген Интернационал көшесінің бойында шаһардың мәдени мекемелерінің бірқатары орналасқан. Абай атындағы кітапхана, Абай атындағы театр, Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы және бастауын «Сарыарқадан» алатын, Алаш арыстарының ізі қалған бүгінгі «Семей таңы» газеті осы көше бойында. Қарап тұрсақ, Қайым Мұхамедханов өз ғұмырын абайтануға арнады, бір сөзбен айтқанда, «абайтанудың алыбы». Дәл осындай рухани орталықтар орын тепкен көшенің Қайымға бұйырғаны Алаштың рухын асқақтатар.