Ninety One, Black dial біздің өнер сахнасына қажет пе?
жеке
блог

Ninety One, Black dial біздің өнер сахнасына қажет пе?

Ең алғашында Ninety One тобы шығып елді дүр сілкіндіріп еді. Міне, оны сахнадан шығара алмай жүргенде Black dial деген біреу тағы шықты. Менің байқауымша қазіргі күнде жастардың талғамы тым нашар және өздерін өте төмен бағалайтын адамдар. Өздері соншалық санасыз. Осы бір топ үшін қыздар бәрінеде дайын. Мақсат не? осының барлығы неге алып барады? біз қайда бара жатырмыз?. Жігіттер қауымына шаш бояп, қыздардай сәнді киініп бояну жарасама? Жарайды оны қойшы айтылып жатқан әндерінің не мән-мағынасы бар? Ұзағымен тек 1 ай ғана танымал бола алатын әндер. Біз тарихқа не қалдырып жатырмыз. Сіздер түсінесіздер ме болашақ ұрпақ бізді жек көрінішпен еске алмасына, тіпті естемеуіне кім кепіл?

Ертен болашақта немерелеріміз "Әже-ата ән айтып берші" десе не айтамыз?  Айыптама мені дейміз бе әлде, И әріпі түсіп қалған Қял деген өлеңін айтамыз ба? Олар ертен ойлайтын шығар атамның уақытында қазақ тілі нашар берілген, сондықтан Қял емес Қиял екенін білмей өсті бейшаралар дейді. Мынау менің атам деп айтпайды сендерді. Себебі ертен олар сендер үшін ұялатын болады. 

Абай, Міржақып, Ахмет, Сәбит, Ғабит, Мұхтар аталарымыз осы заманды көрмей, өткен ғасырларда көз жумып, жер қойнауына кеткеніне қуанамын. Егер олар осы айуандықты көрсе не боларын елестетудің өзі қиын  екен. 16 жылдары аталарымыз Азаттық үшін жан беріп, жан алмап па еді? Олар қазір мына біз үшін, тым ұсақталып кеткен Жабайы адамдар үшін жанын пида етті ме сонда? 

Ең бастысы бүгін тірімін, ертен бір мәнісі болар деп мағынасыз өмір сүріп жүрміз, өкінішті-ақ.....