ТӘРБИЕ БАСЫ- ОТБАСЫ
жеке
блог

ТӘРБИЕ БАСЫ- ОТБАСЫ

“Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілесің”. Мән-маңызы мәңгі жойылмайтын мәтелдердің бірі осы. Қанша жерден “болашақ тұлғаны мектеп қабырғасы қалыптастырады”, “орта өз дегенін істейді”, “қоғам бағытынан алыс кету мүмкін емес” делінгенімен, адам баласына тәлім-тәрбиенің түп негізін қалаушы - ата-ана, отбасындағы ахуал.

Бала тәрбиесі - әке де, анна да бірдей деңгейде қанаттаса айналысуы тиіс күрделі міндет. Балалар есейген сайын ата-ана мойнындағы жауапкершіліктің жүгі ауырлай түседі. Есі кіріп қалған жеткіншектер енді сөзіңе ғана емес, ісіңе де мән беріп қарайды. Егер айтуың бір басқа, атқаруың мүлде бөлек болса, бала ондай жалғандықты, көлгірсуді бірден байқайды. Яғни, оларға айтар ақыл-кеңесімізбен ғана емес, ұқыпты тындырылған тірлігімізбен де үлгі көрсеткеніміз жөн.

Әке мен ананың отбасындағы өзіндік рөлі болатынын да ұмытпаған дұрыс. Әрине, перзент үшін екеуі де- ардақты, ақылшы қамқор. Алайда бәрібір әкенің аты-әке, ( тура осы сипатта ананың аты-ана деуге де болады), оның отбасылық қарым-қатынастағы орны бәрінен биік тұруы қажет. Кей үйлерде осындай табиғи иерархияның өзі бұзылған.

Яғни, түпкі сөздің тізгіні, шаңырақтағы биліктің билігі әйелдердің қолына көшкен. Оның түрлі себептері болуы мүмкін ( ері жұмыс істемейді; әйелінің табысы көбірек; күйеуінің иі жұмсақ; т.б), бірақ бұл жағдай сол отбасындағы балалардың психологиясына, өмірлік көзқарасының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Ертең олар да әке-шешелерінің ізімен жүріп, ыздиған әйел, ынжық еркектердің қатарын толықтыруы ғажап емес.

Қайсыбір ерлі-зайыптылар балаларының көзінше бажылдасып, жанжалдасып, тіпті бір-біріне қол көтеріп жататыны да жасырын емес. Немесе бір-бірін кемсітіп, мұқатып, бала алдындағы абыройынан жұрдай қалады. Бұл перзент санасына соққы боп тигені өз алдына, мұндай әке-шешені бірте-бірте олар тек амалдың жоқтығынан ғана сыйлайтын болады.

Кейбір отбасыларда бар да оны көзімізбен көріп те жүрміз. Нағыз қазақ отбасы осындай болуы керек дер едім өз басым. Мұнда бәрі де өз орнында: абыройлы -әке, қамқор анна, тәрбиелі қыздар, тәлімді ұлдар… Үстел басындағы төрде әкенің тұрақты орны бар, оған басқа ешкім де отырмайды. Дастарханның етек жағындағы ананың орны да солай. Балалар әкесі нан үзгеннен кейін барып тамақтануға кіріседі, сосын кей үйлердегідей өзі тамақ ішіп болған соң – ақ шошаң етіп кетіп қалмайды, әкелерінің ас қайыруынан соң ғана орнынан тұрады. Міне осындай отбасынан шыққан балалар ата-ананың айтқанына қарсы шықпайды.

Бұл не? Бұл- дәстүр сабақтастығы, тәрбие жалғастығы. Демек, лоар өздері өніп-өскен шаңырақтан алған өнегені , ата-анасына көрген тәлімді енді өз перзенттерінің бойына сіңіруде. Ұл-ұлға тән, қыз –қызға тән тәрбие алыды. Мұндай әулеттен ертең ет турай алмайтынбозбала, іс тіге алмайтын бойжеткен шықпайтына көзіміз жетеді.

Мектеп пен отбасының арақатынасындағы мәселелер біздің заманымыздың көкейкесті мәселердің бірі болып саналады, өйткені өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мен дамуының табысты болуы,әр баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру осы қатынастарға тікелей байланысты. Баланың қандай болып өсетіндіге көбіне отбасылық қатынастардағы жағдайға байланысты болады. Ал ол жағдайлар: отбасы, ата-аналар балаға қажетті қамқорлық көрсетіп, оның жасына, жеке басына, мінез-құлқына қатысты ерекшеліктерді ескеріп, балаға жақсы қатынас жасауға міндетті. Егер ол баланың барлық қасиеттерін түсініп, сыйлайтын болса, ата-ананы да бала сыйлайтын болады. Ал шектен тыс еркелетіп, жіберген бала арамшөп сияқты болады, немесе отбасылық қатынастардан алыстап, “бөтен адамға” айналады.

Ғалымдардың пайымдауынша отбасында ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас барысында дұрыс және дұрыс емес тәрбие қалыптасатынын айтып, оларды екіге бөледі.

1. Дұрыс тәрбие түріне: шынайы махаббат, мейірімділік, жасына, шамасына қарай талап қою, баланың өміріне, дамуына жауапкершілікпен қарау жатады.

2. Дұрыс емес тәрбие түріне: шектен тыс қадағалау, баланы күң ретінде тәрбиелеу, қатыгездік тәрбие, ұрып, соғу, шектен тыс жоғары моральдық жауапкершілікте тәрбиелеу жатқызылады.

Олар:

* шектен тыс қорғаштау, баланың өздігімен әрекет жасауына ерік бермейді, оның барлық уақытын ата-ана алдын ала жоспарлап, ойластырып қоюы да баланы өздігімен шешім қабылдай алмайтын, өз мүмкіндігіне сенімсіз, жасқаншақ болып өседі.

* Күң және құлдық психологияда тәрбиеленген бала әксі мен шешесінің мейірімін көрмеген бала кез-келген бақытсыздықты, күйінішті жүрегіне жақын қабылдайды және айналасына өкпелі балады. /агрессия/

* Қатыгездік тәрбиесі – кез-келген қандай да кемшілігі үшін баланы қатаң жазалау. Нәтижесінде бала қорқынышта өмір сүреді. Өскенде қатыгез болып өседі.

* Жоғары моральдық жауапкершілік жағдайда тәрбиеленген баладан жасына сай келмейтін жұмыс түрі жүктеледі.

* Бала тәрбиесінде кері әсерін тигізетін қарым-қатынастың тағы бір түрі- зорлық-зомбылық, ұрып, соғу. Мұндай қатынаста өскен балада сабаққа деген ынтасы болмайды, ұжыммен тез тіл табыса алмайды, қатыгез болып өседі. Осы қарым-қатынас нәтижесінде қоғамның дерті болып отырған “қиын бала” қалыптасады.

Бала тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуы оның өскен ортасына да байланысты. Ұлы Абай атамыз да: “Баланың жақсы болмағы бірінші ата-анасынан, екінші-ұстазынан, үшінші-құрбысынан”-дейді.

Гүл күнге қарап өсетіні сияқты бала да ересектерге қарап өседі, ер жетеді. Осы прцесс кезінде ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынаста ынтымақтастықтың маңызы зор.

Ынтымақтастық- ата-ананың баланы тұлға ретінде қалыптастыруда нәтижелі еңбегі. Бала отбасында, білім ордасында, қоғамда өзін бағалай алатын мақсаты айқын адам болып өседі. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала-жанұядан алады, ал жанұя- әр бала үшін алтын бесік болуы керек.

Отбасылық тәрбиенің 8- парызын ұсынбақпыз. Олар:

1. Балаңыз қандай болса, сол күйінде қабылдаңыз. Табиғат баланы өте кірпияз әрі жүздеген бабаларының аралас қасиеттерімен тұқым қуалаушылық арқылы қалыптастырады. Тек ата-аналардың көмегімен ғана баланы келбетті, ақылды, денсаулығы мықты адам ретінде қалыптасады.

2. Өз қалауымызға орай балаға ешқашан бұйырып сөйлемеңіз. Жоқтан өзгеге баланы шаршада беру, оны топастандырып жібереді. Сонымен қатар олардың кінәсін кешіре беруге де болмайды, өйткені бала өз кінәсінің жағымсыз салдарын түсінбей кетеді. Балаға қатесіне өкіну, теріс қылығына өзін кінәлі сезінуі пайдалы, қателесуден қорықпауға үйретеді.

3. Шешімді жалғыз қабылдамаңыз әке мен шеше тең дәрежеде баланың құқығын мойындауы керек.

4. Ата-аналардың мінез -құлқын балалар қайталауы мүмкін. Отбасындағы дау –жанжалдан бала көп жапа шегеді. Егер әкесі темекі шегетін болса, өсіп келе жатқан балаға темекі тартуға тийым салу қиын. Егер анасы салақ болса, қыз баланың тап тыйнақтай болып өсуі күмәнді.

5. Не нәрсе жайлы да қорықпай сөз етіп, сізге қарсы қойылған қиқар сұрақтарға сеніммен түсіністікпен жауап беріңіз, өзіңіздің қатеңізді мойындай біліңіз.

6. Балаларға сыйлық жасаудан артық ктеуге жол бермеңіз. Артық сыйлық жасау баланы жатып ішерлікке баулиды. Қоғам адал еңбекпен нәтижеге жетуді көрсетеді. Сәби шағынан бақытқа еркін шомылып өскен бала, оқуға ынтасыз болады, еңбек етуге құлықсыз болады.

7. Қандай да қиындық туа қалса, оны балаға түсіндіріп бірлесе жеңу керек. Отбасындағы мүшелер өз міндеттерін бөліп алуға тиіс. Бала анасының үй қызметшісі емес екенін түсінуі керек.

8. Үйіңіздің есігі ашық болу тиіс, бала өзін байлаулы сезінбесін. Үйдің есігі оның достарына ашық болсын. Бірақ бала өзіне дос таңдау жауапкершілігін сезінуі керек. Егер ата-ана тыйым салумен ғана шектелмей, сыпайы кеңес беру арқылы баланы тәрбиелесе бала ата-анасынан ештеңені жасырмайды.

 

Ата-ана мен бала арасындағы қолайлы атмосфере тудыру үшін ата-ана өзін сауатты, шыдамды етіп ұстауы керек. Сіздерге мүмкіндігінше

көмектесетін мына кеңестер сіз бен балаңыздың арасындағы қарым-қатынас пен сүйіспеншілікті нығайта түседі. Деген үміттеміз:

1. баланы қалай оятсаңыз, оның сол күнгі көңіл-күйі соған байланысты екенін ұмытпаңыз. Баланың ұйқысы қанып, сіз оятқан кезде жеңіл оянуы тиіс.

2. баламен жиі сөйлесуді, сырласуды әдетке айналдырыңыз.

3. баланың табысына қуаныңыз. Уақытша сәтсіздікке бола ашу шақырмаңыз.

4. баланың өміріндегі қарапайым оқиғаларын төзімділікпен, көңіл қоя тыңдаңыз.

5. баланың өз бетімен жұмысын қолдап, ынталандырып отыру крек.

6. баланы отбасылық істерге қатыстырыңыз, бастаған істерін аяқтауға үйретіңіз.

7. баланы барынша жақсы көру керек, ба

бізден қайрымдылықты үйренеді.

Бала –біздің болашағымыз! Болашағымыз үшін күресе білейік! Өзіміз қайырымдық жасаудан тайынбайық, балаларладан барынша көп талап ете білейік.

Авторлар:  Телғожаева Ф., Закариянова Н., Алимбаева Б., Кабдрахова С.С.