Қайыршының кешер күні...
жеке
блог

Қайыршының кешер күні...

Алматы көшелерін әркімге қол жайып ақша сұраған адамдарсыз көру мүмкін емес.  Оңай жолмен ақша табуға құмар адамдар, оларды жалпақ тілмен ҚАЙЫРШЫЛАР деп атайды.

«Саяхат» автовокзалы маңындағы қайыршыларды екі күн бойы бақылап едік. Сол бақылаудың нәтижесінде көптеген нәрсе біліп қайттық.

Олардың жататын жері төмендегідей:

.

.

.

.

 Өздеріңіз байқағандай,есік-терезесі жоқ, ешқандай ыдыссыз жерге қойып тамақ жеп отыр.

Осы жерде қыстың қақаған аязында о дүниелік болғандары да аз емес екен. Осы қыстың өзінде үш адам қаза тауып, мәйітханаға жіберіліпті.  

     Жалпы бұрынғы уақыттарда, шынымен де жұмысқа жарамайтын, дене мүшелері толық емес адамдар ғана осы жолмен ақша табатын. Ал қазіргі таңда, жұмыс істегісі келмейтін кез-келген адам қайыршы болып жүр.  ҚАЙЫРШЫЛЫҚТЫҢ өзі кәсіпке айналып бара жатқандай.

Бірде қоғамдық көлікпен университетке келе жатқанмын, бір аялдамада басқа ұлттың бір жас баласы көлікке кіре сала Құран оқи бастады. Оқып болғаннан кейін санаулы адамдар ғана бет сипап оған ақша ұсынып мәз. Бұл жерде қуанарлықтай ешнарсе болған жоқ деп ойлаймын. Көлік ішінде шаштары жиналмаған қыз-келіншектер, басымызда орамалымызда жоқ. Оны былай қойғанда, Қасиетті  Құран бизнеске айналдыратын зат емес қой. Кез-келген жерде Құран оқып ақша тапса келешек ұрпақ қандай үлгі алмақ.

Қазіргі заманда жұмыс жеткілікті ғой, тіпті көшеде халықтың салмағын өлшеп ақша тауып отырғандар да бар.Шынымен де мұқтаж адам болса, онда көмектесуге тұрарлық. Басқа ұлттың әйелдері бар бүтін киімді жыртып киіп, баланың орнына қуыршақ орап алып ақша сұрайтын.  Жалпақ тілмен оларды –Сығандар дейміз. Әрине, олар да бір ұлт өкілдері. Бірақ, елімізде Сыған десе көше тентіреп ақша сұрап, халықтың қалтасын тонайтын әйел адамдар көз алдымызға келері өтірік емес.

Бірде Астана қаласына жолым түсіп, ұшып келдік. Келгеннен кейін бір аптаға пәтер жалдадық. Сөйтіп, келесі күні таңертең жұмысарымызбен шығып бара жатып анадай жерде келе жатқан екі әйелге көзіміз түсті. Екеуі әңгіме айтып келе жатып, лезде екіге бөліне кетіп ақша сұрауға кірісті. Қолына бала қстаған әйел біз отырған көлікке жақындағанда қолындағы сәбиге көзім түсті. Сәби деп жанымыз ашып жүргені жәй ғана ҚУЫРША болып шықты. Біз өз жөнімізбен кете бардық. Кешке үйге келіп кешкі Астананы тамашалуға шықтық, дәл сол кезде манағы әйелдерді біреуі келе жатыр екен. Білдірмей артынан жүріп, барар үйін көргім келді. Көз алдыма кішігірім, арзан лашық елестеп келе жатқанмын, сөйтсем, лашық дегенім зәулім сарай  болып шықты. Тіпті айтарға сөз таусылып қалғандай күй кештім. 

Кімге сенерімізді білмейтін заман ғой қазір...