Жер дөңгелек дегенді естіп көрдіңіз ба? Адам күні адаммен дегенді ше?

Жер дөңгелек дегенді естіп көрдіңіз ба? Адам күні адаммен дегенді ше? Жасаған ісіңнің нәтижесі өзіңе қайта келеді! Аааа, айтпақшы, өмір-бумеранг! Ендеше, мына оқиғаны оқып көріңіз!

 Бір күні жас жұбайлар бірге тамақтанып отырады. Бір кезде үйінің есігін біреу қағыпты. Әйел есікті ашып қараса, бір кедей кісі нан сұрап келіпті. Әйел нан беріп жатқанда, күйеуі айқайлап: "Мен жұмыс істеп ақша таптым, ол да солай істесін, қуып жібер!" дейді. Әйелі ештене деместен, есікті жабады. Күндердің бір күнінде олардың шаңырағы шайқалып, ажырасады. Бір жылдан кейін әйел басқа адамға тұрмысқа шығады. Сол жарымен түскі ас ішіп отырғанда, есікті біреу қағады. Есікті ашып қараса, бір кедей кісі нан сұрап тұр екен. Олар оны тамақтандырады. Сосын күйеуі әйелден "Неге көңіл күйің түсіп кетті?" деп сұраса, "Сен оның кім екенін білесің бе?" дейді.
- Кім?
- Менің бұрынғы күйеуім.
- Ал менің кім екенімді білесің бе?
- Кім?
- Сол кездегі нан сұрап келген кедеймін.
- Жер дөңгелек, дүние кезек... 
-Кедей адам болудан қорықпа, арзан адам болудан қорық!



Бөлісу: